26674
Ассаламу алейкум уа рахматулахи уа баракатух, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Мен Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің 4-ші курс студентімін. Қазіргі кезде университеттерде намаз оқу бөлмелері жоқ. Бізге намаз оқитын бөлме ашып берсеңіз?!
Құрметті Жарас Алдабергенұлы! Қазақстан Республикасының «Діни сенім және діни бірлестіктер» туралы Заңына сәйкес, әрбір адамның діни сенім бостандығына құқығы бар.Ешкім кедергі келтіріп,бөгет жасауға құқығы жоқ. Егер азаматтардың өтінішіне сай, мекемеде намаз оқуға арнайы орын белгіленсе, бұл заңға қайшы емес. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы жоқ. Сондықтан, қажетті жерлерде намазхана ашу мәселесі әр ұжымның немесе азаматтардың өтініш білдіруі арқылы және сол ұйымның, мекеменің басшылығының рұқсатымен, келісімімен жүзеге асырылады.

.jpg)




