ҚР Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 758 Қаулысы
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 758 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 401-құжат
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 шiлдедегi
N 758 қаулысына
қосымша
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Қосдәулетов Дулат - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Рашитұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ерлан Әскерұлы министрлiгi Заңнама департаментiнiң
директоры, хатшы
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы прокурорының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы конституциялық және әкiмшiлiк құқық
кафедрасының меңгерушiсi, заң
ғылымдарының докторы, профессор
(келiсiм бойынша)
Нұғманова Эльмира - заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм
Әбдiкқызы бойынша)
Ноздрин Валерий - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Владимирович судьясы (келiсiм бойынша)
Үкiбаев Ермек - Қазақстан Республикасы Республикалық
Елеуханұлы ұланы қолбасшысының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бектұров Азат - Қазақстан Республикасының Көлiк және Ғаббасұлы коммуникация вице-министрi
Құрбанбаева Гүлнәр - Қарағанды облысы кәсiпкерлер
Төретайқызы қауымдастығының директоры (келiсiм
бойынша)
Амандықов Қайрат - Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар
Якудаұлы одағы федерациясы төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бiрәлиев Әлжан - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Хамидолаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Беседин Юрий - Астана қаласының Кәсiпкерлер
Анатольевич қауымдастығы заң қызметiнiң басшысы
Тәжияқов Бисенғали - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
Шамғалиұлы
Құдайбергенов Ескендiр - Қазақстан Республикасы Табиғи
Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Қуанғанова Гүлнәр - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы атқарушы
Көпбосынұлы директорының орынбасары
Омаров Қадыр - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Тоқтамысұлы сақтау вице-министрi
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Парламентi Мәжiлiсiнiң
Аппараты Басшысының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Мұқанов Төлеген - Қазақстанның тауар өндiрушiлерi мен
Мұқанұлы экспорттаушылары одағының
вице-президентi
Қожамжаров Қайрат - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Пернешұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары
Бекбаев Ерзат - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Зейноллаұлы Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама
орталығы директорының орынбасары, заң
ғылымдарының кандидаты
Әбiлқайырова - Қазақстан Республикасы
Бақытгүл Адайбекқызы Парламентiнiң Сенаты заңнама
және құқықтық саясат
комитетiмен өзара iс-қимыл
бөлiмiнiң бас консультанты
(келiсiм бойынша)
Бөрiбаев - Қазақстан Республикасының
Асқар Смайылұлы Мәдениет және ақпарат вице-министрi
Құрманов - Қазақстан Республикасының
Алмас Мұхаметкәрiмұлы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi
Саудабаев - Қазақстан Республикасының
Дәулет Советұлы Қаржы вице-министрi
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсембай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрi
Мусин - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы Туризм және спорт вице-министрi
Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi
төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172, 2006.09.07. N 846, 2007.03.20. N 217, 2007.10.05. N 905 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 шiлдедегi
N 758 қаулысымен
бекiтiлген
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық
комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының
Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық
кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне
енгiзу үшiн ұсынылған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау;
3) мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын қарау;
4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар мен
ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының
өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды
мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен
сұратуға және алуға;
5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына
төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына
жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын
орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды
және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге
асырады.
Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi.
8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың екiншi дүйсенбiсiнде,
қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де
өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде
жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 қаулысымен.
9. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен
уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша
белгiлейдi.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия
мүшелерiне сұрау салу жолымен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия
мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп
есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық
сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм
қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда
жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi
тиiс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 қаулысымен.
11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн
ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi
мамандар тартылуы мүмкiн.
12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.

.jpg)




