Қазақстан Республикасының заң жобалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу және рәсімдеу бойынша әдістемелік Ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсынымдардың мақсаты Қазақстан Республикасының заң жобалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу және рәсімдеуді (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) іске асыратын мемлекеттік органдар мен тұлғалардың қызметіне жәрдемдесу, заңдарды дұрыс қабылдау мен оларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.
I бөлім. Заңның мәнін және түрін анықтау
Қазақстан Республикасы заң жобасын әзірлеу және рәсімдеу оларды жасау жөніндегі рәсімдерде заң техникасының ережелері мен тәсілдерін қолдана отырып, іске асырылатын өзара байланысты жүйелі қатарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының заңдары құқықтық актілер заңдылығының жалпы критерийлеріне сәйкес болуы тиіс. Ондай критерийлерге мыналар жатады:
- актіні қабылдайтын субъектінің құқықтыәы. Қазақстан Республикасында заңдарды қабылдау Қазақстан халқының, Қазақстан Республикасы Парламентінің (Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы, 1-тармағы), ал Қазақстан Республикасының Конституциясы қарастырған жағдайларда (ҚР Конституциясының 45-бабы 2-тармағы, 53-бабының 4)-тармақшасы) - Қазақстан Республикасы Президентінің құқында;
- актінің дұрыс нысанын таңдау. Мүмкін болатын реттелетін қатынастар шеңберін мұқият бағалап және заңның (кодекс т.с.с.) немесе заңға тәуелді актінің дұрыс нысанын таңдау ұсынылады;
- актіні қабылдауды әзірлеу, қабылдау және күшіне ену рәсімдерін сақтау;
- актідегі Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаттары мен ережелерін жүйелі дамыту және нақтылау;
- актінің жалпылама танылған халықаралық құқықтың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған (келіскен) халықаралық шарттардың қағидаттары мен нормаларына сәйкестігі. Әңгіме тікелей немесе мемлекетішілік актілерді шығару жолымен қолданылатын нормалары бар халықаралық-құқықтық актілер туралы айтылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағында қарастырылған нормативтік құқытық реттеуге жататын экономикалық, саяси және басқа да қатынастар заңның мәні болып табылады.
Барлық қатынастар Қазақстан Республикасының заңы нысанында нормативтік құқықтық реттеуге жатпайды. Қазақстан Республикасы заңының мәнін анықтау кезінде Конституцияда бекітілген заңдар мен заңға тәуелді актілердің ара-қатынасын және заңды жоғары құқықтық күші бар акт ретінде сипаттайтын критерийлер ретінде ескеру қажет. Ондай критерийлерге мыналарды жатқызуға болады:
- реттелетін қоғамдық қатынастардың мәні мен тұрақтылығы. Заң анағұрлым маңызды, тұрақты қоғамдық қатынастарды реттейді;
- құқық саласының немесе заңнама саласының мәнін құрайтын қатынастардың нормативтік реттеу бастапқылығы;
Заң жобасымен жұмыс істеуге кірісер кезде заңды шағарудың қажеттілігін жан-жақты бағалау маңызды. Бұл мақсаттарда мыналар ұсынылады:
- шын мәнінде заңнамалық деңгейде шешім қабылдауды талап ететін мәселенің болуын анықтау және де құқықтық реттеудің ауқымы қандай болуы тиіс;
- осы құқықтық реттеу қойылған мақсаттарға мөлшерлі болатындығын анықтау;
- жаңа заңды қабылдаумен қол жеткізуді болжайтын құқықтық реттеудің табиғатын және мақсатын нақты анықтау;
- болашақ заңның заңнама жүйесінде, салада, заңнамалық салада және т.с.с. алатын орнын анықтау;
- егер тек заң ғана қабылдау талап етілсе, оның нақты ережелерінің мазмұнын анықтау қажет; басқа сөзбен айтқанда, қандай тәртіп (қатынас) ережелерін ұсыну, тыйым салу немесе рұқсат беру қажет және заңды бұзған жағдайда қандай санкциялар енгізіледі;
- жоба тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы немесе қолдануда мазмұны бойынша жақын мәселелерді қамтитын нормативтік құқытық актілерді зерттеу; қолданыстағы нормативтік құқытық актілерді қолдану тәжірибесімен танысу;
- ғалымдардың ұсыныстарын, қоғамдық пікір сұраныстарының нәтижелерін және сәйкес статистикалық деректерді талдау;
- болашақ заңның: экономикалық, құқықтық, экологиялық демографиялық т.с.с. болуы мүмкін салдарын анықтау;
- болашақ заңның ережелерін іске асыруға қажетті материалдық, қаржылық және басқа ресурстардың шығынын, сондай-ақ ондай шығындардың күтілетін нәтижелер тұрғысынан тиімділігін анықтау.
Қазақстан Республикасының заңдары келесі нысандарда әзірленуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- конституциялық заң;
- Қазақстан Республикасының кодексі;
- Қазақстан Республикасының заңы;
Қазақстан Республикасының заң жобасы келесі түрде әзірленуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасы жаңа заңының жобасы (қандай да бір дербес мәселені шешу қажет болса немесе бір мәселе бойынша бірнеше нормативтік құқықтық акті болса);
- Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңының жаңа редакциясы (жаңа мәтіні);
Заң мәтіні заң бағытталған тұлғаларға анағұрлым түсінікті және толық болуы және де заң техникасы ережелерінің қабылданған құқық шығармашылық теориясы мен тәжірибесіне сәйкес бол

.jpg)




