Жазасын өтеп отырған сотталғандар сәбилерге тарту жасады
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасына қарасты ОВ-156/2 түзеу мекемесінде (қатаң режім) жазасын өтеп отырған сотталғандар өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын сәбилерге тарту етті.
Өскемен қаласында орналасқан «Сәулетай» балалар ауылында тәрбиленіп жатқан сәбилерге мұндай тарту - тағдыр тәлкегімен осындай мекемелерде балалық шақтарын өткізуге мәжбүр болған балаларға үлкен қуаныш әкелді. Сотталғандар сыйлаған заттар кәдімгі, күнделікті көріп, ойнап жүретін ойыншықтарға ұқсамайды. Сондықтан болар, ағаштан, кәуішіктен, тағы басқа заттардан жасалған қол өнер туындылары олардың қызығушылықтарын тудырды. Осы сияқты қайырымдылық акциялары Шығыс Қазақстанның пенитенциарлық мекемелерінде басқарма басшылығының қолдауымен жиі өтіп тұрады.
Аталған шара туралы ақпарат республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына таратылып, «Астана» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде жарыққа шықты.
ШҚО бойынша ҚАЖК басқармасының баспасөз қызметі




