Қазақ тілі – бұл қазақ халқының ұлттық тілі және әлемдегі ең бай да көркем тілдердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93 баптарының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Елбасымыздың Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің бұйрықтарын және нұсқауларын басшылыққа ала отырып, осы таңда Қостанай облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі комитеті басқармасының УК-161/2 мекемесіде мемелекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, дамытуға үлес қосу және мемлекеттік тілімізді әрқашанда қызметте, жұмыста қолдану үшін біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар мекемедегі мемлекеттік тілдің даму деңгейін одан әрі жоғарылатудың басты мақсаты, Қазақстандық патриотизмді нығайту, сондай-ақ, мемлекеттік тілде атқарылған құжаттардың сапасын көтеру мен қолданыстағы салалық терминдерге сараптама жасау болып табылады. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілі тиісті мәртебесін иеленді. Мекемемізде жылдың басынан бастап қазақ тілі оқытушысымен бірлесе отырып, бастауыш және жалғастырушы деңгейдегі тыңдаушыларға арнап ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер және сайыстар өткізілді. Қазақ тілі оқытушысымен сабақ барысында құжаттардың жүргізілу стиліне, мазмұнына және сауатты жазылуына көңіл бөлінеді. Бірқатар қызметкерлеріміз мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрету курсын толық оқығандығын куәландыратын сертификаттар иеленді. Бұл, яғни қызметкерлеріміздің әр бөлім және бөлімшелерде өздері құжаттарды толығымен мемлекеттік тілде жүргізетіндігінің белгісі. Мекеме бастығы және бастықтың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен қызметкерлердің қазақ тіліне қатысулары күнделікті қатаң түрде қадағаланып тұрады. Мекемеде құжат айналымы екі тілде, яғни мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бірақта, алдағы жылдары мемлекеттік тілімізде құжаттардың сауатты және сапалы жүргізілуіне, барлық ұйымдастырушылық ісшараларды жүзеге асыруымыз қажет. Осы игі шараны жүзеге асыру, бүгінгі таңда тек қана өзіміздің қолымызда деп ойлаймын.
Мекемедегі мемлекеттік тілге
жауапты қызметкер Д. Есіргепова




