ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМІЗ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ.
Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Қазақ тілі – өте бай тіл.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп айтылған.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖКБ бағынысты УК-161/3 мекемесінің қызметкерлері күнделікті өзара қарым – қатынаста мемлекеттік тілді қолданады. Мекемеміздегі қызметкерлер әрдайым қазақ тілі сабағына қатысып, тілді білуге деген талпыныстарын және мемлекеттік тілді толық меңгергілері келетіндіктерін білдіреді. Әр сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктермен қосымша оқулықтарды қолданамын. Жылдың басынан бастап мекеме басшылығымен мемлекеттік тілге байланысты өткізілген ісшараға белсене қатысқан қызметкерлер ақшалай және грамоталармен марапатталды. Осылайша, «Жітіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әдіскерімен бірлесе отырып, УК-161/3 мекемесі қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрету курсын толық оқығандығын куәландыратын сертификат табыс ету үшін емтихан қабылданды. Емтихан тапсыруға келген қызметкерлер мемлекеттік тілді меңгергендігін, өздерінің білімдерімен, билеттердегі сұрақтарға жауап беруімен көзге түсті. Сабақ беріп жүрген тыңдаушыларымның мемлекеттік тілді меңгергендігін және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беріп өзімді бір таң қалдырғанына қуандым. Бұны бір жағынан мұғалімнің жетістігі десек, ал екінші жағынан қызметкерлеріміздің мемлекеттік тілді меңгеруге деген талаптарын және ұмтылыстарын көруге болады.
Осындай жетістікке жеткен қызметкерлеріміз мекемелерімізде көбейе түссін, нұр үстіне нұр дер едім!
УК-161/3 мекемесінің
қазақ тілі оқытушысы
И.Б.Көлбатырова




