Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау салдарын болжау бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Осы әдістемелік ұсынымдар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау салдарын болжау бойынша тәртібін анықтайды (бұданәрі - әдістемелік ұсынымдар).

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау (басып шығару) үшін салдарын болжау (бұдан әрі - салдарды болжау) - нормативтік құқықтық актіні қабылдаумен (бұдан әрі – актіні қабылдау) шартталған, болжанатын қоғамдық қатынастардың жағдайын белгілейтін зерттеу.
2. Салдарды болжаудың мақсаты - нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – актілер) қолдануының тиімділігін арттыру және оларды әзірлеу тәртібінің жетілдірілуі.
3. Салдарды болжаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
- актінің қабылдануына байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саладағы дамуының ықтимал үрдістері және нұсқалары туралы ақпаратты алу;
- актілерді дайындау қажеттілігін және сабақтастығын анықтау;
- құқықтық реттеуін талап ету жөніндегі өзекті мәселелерді анықтау және де актінің қабылдануына байланысты заңдардағы қайшылықтарды және кемшіліктерді анықтау;
- белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің көрініс тапқан кемшіліктерін жою жөніндегі тереңдетілген ұтымды тәсілдерін анықтау;
4. Салдарды болжау уақтылы, жан-жақты және ғылыми қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Уақтылық – актіні қабылдаудың болжалды салдары болжанатын салдар туындағанға дейін жүзеге асады.
Жан-жақтылық – салдардың болжауы кезінде болжаудың қолайлы әдістері қолданылуы тиісті, олар акті қабылдануына барлық мүмкін салдарды ескеру мақсатында қажет.
Ғылымилық – салдардың болжауы ғылыми әдістердің және тәсілдердің негізінде жүзеге асады.
5. Салдарды болжау мына жағдайларда жүзеге асырылады:
- норма шығармашылық қызметті жоспарлау кезеңінде – акт жобаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарға қатысты;
- норма шығармашылық бастама кезеңінде – тиісті мемлекеттік органға енгізілуге әзірленетін акт жобалары бойынша ұсыныстарға қатысты;
- дайындау, сонымен қатар актіні қабылдау (басып шығару) кезеңінде – тиісті мемлекеттік органға енгізілетін, әзірленіп жатқан немесе әзірленген акт жобасына қатысты;
Өзгертілген жағдайлардағы актінің анықталған әрекет ету нұсқаларына қатысты қабылданған актінің салдарын болжау мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Мына жобаларды дайындау кезінде міндетті түрде болжау салдары өткізіледі:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңдар;
- кодекстер, шоғырландырылған заңдар және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңдар;
- алғаш рет белгілі бағыттағы қоғамдық қатынастарды реттейтін актілер;
- жаңа редакциясын баяндау жолымен актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу актілері.

2-тарау. болжау салдарын ұйымдастыру

7. Әдетте болжау салдары бірқатар дайындау шараларын іске асырумен ұласады, олардың қатарына мыналар жатады:
- салдары болжау бойынша жұмыс жоспарын құру;
- жұмыс тобын құру;
- қажетті ақпаратты жинау және талдау;
- болжау салдарын жүзеге асыратын субъектінің қарауы бойынша өзге де іс-шаралар.
8. Салдарды болжау бойынша жұмыс жоспарын акті жобасының (қабылданған акт) мазмұны бойынша көлеміне қатысты болжау жүргізген жағдайда жасау ұсынылады.
Әдетте жұмыс топтары салдар жиынтығын – әлеуметтік, қаржылық-экономикалық, экологиялық және т.с.с. болжау іске асырылған жағдайларда жүргізіледі. Мұндай жұмыс топтарында жұмыс істеу үшін түрлі салалардың мамандары – заңгерлер, экономистер, экологтар, социологтар, басқа да мамандарды тарту тиімді.
9. Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келесі көздерден алынуы мүмкін:
- белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеуін іске асыратын немесе қандай да бір акті ережелерін тәжірибеде қолданатын мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жіберілетін сұранымдарға жауаптар;
- сот, прокурор немесе басқа да салдарды болжау жүргізетін саладағы құқық қолдану тәжірибесінің материалдары; қоғамдық қатынастардың сәйкес саласын реттейтін ұлттық және шетелдік заңнамалық актілер;
- салдарды болжау мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдар, ғылыми-тәжірибелік семинарлар, конференциялар және мәжілістердің материалдары, бұқаралық ақпараттық құралдардағы жарияланымдар; әлеуметтік зерттеулер, статистикалық деректер;
- салдарды болжауды жүргізетін субъектінің қарауы бойынша басқа да көздерден.
10. Салдарды болжауға қажетті ақпараттың түрі мен көлемін салдарды болжауды жүргізетін субъектілер осындай зерттеудің мақсаты және мазмұнына сүйеніп дербес жүргізеді.

3-тарау. Салдарды болжауды жүзеге асыру

11. Салдарды болжағанда бағасы жүзеге асырылады:
- актіні қабылдаудың әлеуметтік салдары;
- актіні қабылдаудың қаржы-экономикалық салдары;
- актіні қабылдаудың экономикалық салдары;
- актіні қабылдаудың құқықтық салдары;
- актіні қабылдаудың криминологиялық салдары;
- актіні қабылдау нәтижесінде болуы мүмкін басқа да салдар.
12. Әлеуметтік салдарды болжау актісінің қабылдануының тұтастай қоғамның дамуына, сонымен қатар оның жекелеген әлеуметтік топтарына: білім және халықты жұмыспен қамту деңгейіне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметінің жетімділігіне, тұрғын үй жағдайларына, азаматтық қоғам институттарының дамуына және т.с.с. байланысты.
13. Актіні қабылдаумен байланысты мыналар қаржы-экономикалық салдарын бағалаумен байланысты:
- бюджеттен тікелей және жанама шығыстар;
- акт нормасын іске асыратын және басқа да субъектілердің шығыстары;
- бюджеттің табыстыры, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың табыстары;
- басқа да шығыстар мен табыстар, сондай-ақ басқа да экономикалық әсер (бәсекенің дамуына ықпал ету; несиелік ресурстардың жетімділігі; жаңа жұмыс орындарының ашылуы және т.б.).
14. Экологиялық салдар болжалған кезде актіні қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға әсер ететін бағыт, сипаты және әсер ету деңгейі бағаланады.
15. Құқықтық салдарды болжау шеңберінде қарастырылып отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетігінің әсері бағаланады, атап айтқанда: заңнамадағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтар, тиімсіз және декларативті нормалар, құқықтар мен міндеттерді іске асыру тетігінің болмауы.
16. Криминологиялық салдарды жобалау акт жобасын оның қоғам талаптарына және қылмыспен күрес саласындағы мемлекеттік саясаттың қарастырылған жауапкершілік салаларынан тікелей немесе жанама түрде заңды негізде бой тасалауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ басқа да криминогендік немесе сыбайлас жемқорлық сипаттағы салдарын анықтауға ықпал ететін ережелерді (ақауларды, басқа да кемшіліктерді) анықтауды талдау қарастырылады.
17. Салдарды болжау келесі тәсілдерді қолдану жолымен іске асырылады:
- эксперттік бағалау;
- салыстырмалы-құқықтық зерттеу;
- апробациялау;
- эксперимент.
18. Салдарды болжауды жүргізудің негізгі тәсілі сараптамалық бағалау тәсілі болып табылады, онда актіні қабылдау салдары құқықтық, криминологиялық, қаржы-экономикалық және басқа да сараптамалар түрлерін өткізу жолымен іске асырылып, анықталады.
Акт жобасы (қабылданған акт) норма шығармашылық органның шешімімен шетелдік сарапшылардың, сондай-ақ акт жобасы (қабылданған акт) реттейтін мәселелерге мамандандырылған халықаралық ұйымдардың қорытындысын алу үшін жіберілуі мүмкін.
19. Салдарды болжау шеңберіндегі салыстырмалы құқытық зерттеу тәсілін қолдану кезінде шетел мемлекетінде қандай да бір уақыт аралығында белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің салдары зерттеледі. Осындай зерттеу барысында анықталған шетел мемлекеттерінің құқық қатынастарының дамуына тән үрдістер мен заңдылықтар Қазақстан Республикасына ұқсас қоғамдық қатынастарына аударылады, соның нәтижесінде зерттеуші актіні қабылдағаннан кейінгі олардың даму нұсқаларының бірін ала алады.
Болжауды әзірлеу шеңберіндегі салыстырмалы-құқықтық зерттеулерді өткізу үшін мыналарды анықтау қажет:
- салыстыру мәні болып табылатын құқықтық қатынастар;
- зерттелетін құқықтық қатынастарды бағалауды өткізетін уақыт шегі;
- талдау мәселелері жөніндегі актілер (ең алдымен, заңнамалық актілер) соның ішінде шетел мемлекеттерінің зерттелетін уақыт шегіндегі басталатын сәтте қолданыстағы, сондай-ақ осы актілерге енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар;
- осы актілерді іске асыру тәжірибесі, осы мәселелер бойынша ғылыми доктрина, зерттелетін актілерді қабылдаудың жағдайлары мен себептері;
- салыстыру мәні болып табылатын құқық қатынастарының дамуына талдау жүргізу кезеңіндегі негізгі факторлардың әсері. Ірі салыстырмалы зерттеулер жүргізген кезде оларға шетелдік сарапшыларды, халықаралық ұйымдар мамандарының қатысуы тиімді, сондай-ақ аталған тұлғалар мен басқа да нысандарда (ақпарат алмасу, өзара іссапарлар немесе тағылымдамадан өту, консультациялар, әлеуметтік зерттеулерді бірлесіп өткізу және т.с.с.) ынтымақтастық жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Шетел мемлекеттерінің Қазақстан Республикасының құқықтық қатынастарына тән анықталған үрдістер мен заңдылықтарды қоғамдық қатынастарына ұқсастарға ауыстыру мүмкіндіктерін бағалау кезінде тарихи-мәдени және құқықтық дәстүрлердің ұқсастығы немесе айырмасы, географиялық жағдайы, экономика деңгейі, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты ескерілуі тиіс. Бұл жерде алғашқы кезекте қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің салдарында құқықтық жүйесі мен тарихи мәдени дәстүрлері ұқсас мемлекеттердің тәжірибесі ұсынылады.
20. Апробациялау тәсілі акті жобасының қолданыстағы заңнаманың бөлігі ретінде қарастырылуында және де белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүргізуді, оны қолдану кезінде қалай болатындығының мәні бағаланады. Бірінші кезекте апробация құқық қолданушылар мен сондай-ақ акті нормасын іске асыратын басқа да субъектілер мен акті жобасын бағалауды болжайды; Апробациялау кезінде құқық қолданушылар мен басқа да акт нормаларын іске асыру субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу ұсынылады. Оның барысында құқық қолдану кезінде көбірек қиындықтар тудыратын жағдайлар қарастырылып, акт жобасының ережелері негізінде оларды шешудің нұсқалары талданады. Одан бөлек мұндай жағдайларды қолданыстағы заңнаманың нормалары негізінде және акт жобасының ережелері негізінде қоса қарауды қолданған тиімді.
Апробация барысында акт жобасының кемшіліктері мен ақаулары анықталып, онда қаланған ұсыныстардың іске асырылуы бағаланады және оның ережелерін тәжірибеде қолданған кезде кездесуі мүмкін қиындықтар мен коллизиялар талданады, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар жасалады.
21. Норма шығарушы орган салдарын эксперимент жолымен жобалаған кезде актінің уақыттағы, белгілі бір аумақтағы немесе тұлғалар шеңберінің әрекетін шектеп қабылдайды.
Эксперимент жүргізілгеннен кейін келесі әрекеттер жүргізіледі:
- эксперименттің оң және теріс нәтижелері көрініс табатын эксперименталды нормаларды қолдану тәжірибесі талданып, осындай нормаларды қолдануға теріс әсер ететін әлеуметтік және басқа да факторлар жүйесі анықталады;
- эксперимент барысында эксперименталдық нормаларды қол жеткен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер туралы деректермен негіздеп, жалпыға міндетті сипаттардың көрінісімен оң нәтижелер мен теріс салдарды болжау;
- эксперимент барысында шыққан шығындар және алынған табыстар мен есеп сондай-ақ осы нормаларға жалпыға міндетті сипат берілген жағдайда пайда болуы мүмкін шығыстар мен кірістер болжанады.
Эксперимент салдары туралы ақпарат негізінде норма шығармашылық орган мен эксперименталды нормаларға жалпыға міндетті сипат беру тиімділігі туралы шешім қабылданады.
22. Салдарын болжау кезінде келесі тәсілдерді қолдану ұсынылады:
- норма шығармашылық қызметті және норма шығармашылық бастаманы жоспарлау деңгейінде – сараптамалық бағалау, салыстырмалы-құқықтық зерттеу;
- заң жобасын әзірлеу деңгейінде – сараптамалық бағалау, салыстырмалы-құқықтық зерттеу және апробациялау;
- актіні қабылдау (шығару) деңгейінде – сараптамалық бағалау, салыстырмалы-құқықтық зерттеу, эксперимент және апробациялау.
Қабылданған актіге қатысты сараптамалық бағалау тәсілдерін, салыстырмалы-құқықтық зерттеу және апробациялауды қолдану тиімді.

4-тарау. Салдарын жобалау нәтижелерін талдау және рәсімдеу

23. Салдарын жобалауды жүргізетін субъектінің акт жобасын бағалау нәтижелері бойынша келесілер туралы шешім қабылдануы мүмкін:
- акт жобасына, сондай-ақ басқа актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы;
- белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді неғұрлым толық және тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баламалы акт жобасын әзірлеу туралы;
- акт жобаларын қолдануға болжам бойынша теріс ықпал ететін факторларды болдырмау немесе жоюға қажетті, сондай-ақ оң факторлар әрекетін белсендендіруге қажетті шаралар қабылдау туралы;
- қажеттіліктің болмауына байланысты немесе қарастырылатын саланы құқықтық реттеу мүмкіндігінің тиімсіздігі туралы;
- қоғамдық қатынастар туралы.
Болжам бойынша қорытынды құжаттарды әзірлеу кезінде заңнаманы жетілдірудің жалпы міндеттері, оның ішінде актілерді сәйкестендіру қажеттілігі, заңнамадағы ақаулар мен қарама-қайшылықтарды жою, басқа актілердегі ережелерді қайталайтын актілерді жою қажеттілігі ескерілуі тиіс.
24. Осы Әдістемелік ұсыныстардың 26-тармағында көрсетілген шешімдерінің біреуін қабылдау барысында келесі мәселелерді алдын ала бағалауды жүргізу ұсынылады:
- зерттелетін саладағы құқықтық реттеудің бүгінгі жағдайы қандайлық (қоғамдық қатынастардың осы саласы қандай заңнамалық актілермен реттеледі; құқықтық реттеуді талап ететін мәселенің мәні неде);
- мәселені шешудің қандай баламалы жолдары бар (осы мәселе басқа құралдарды қолдану жолымен шешіле ала ма, атап айтқанда: оны шешудің талап етілетін нұсқасының пайдасына үгіт және түсініктеме жұмыстарын жүргізу жолымен; мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғаларға мәселені дербес шешуге көмек көрсету; мәселені сот тәртібімен шешу);
- егер осы мәселе акт жобасы болжаған құқытық реттеуге жете алмаса не болады (мәселе шиеленіседі; өзгеріссіз қалады; мемлекеттің қатысуынсыз қоғамдық қатынастардың өзіндік реттелу тәртібімен уақыт өткен соң жойылады және т.с.с.);
- акт жобасын іске асыру бойынша шығыстар күтілетін нәтижеге сәйкес келе ме (бюджеттен болжанатын шығындар қандайлық; акт нормаларын іске асыратын құқық қолданушылар және басқа да субъектілер үшін күтілетін шығыстар мөлшері қандайлық; актіні қабалдаудан жоспарланатын нәтиже қандайлық және ол болжанатын шығыстармен байланысады (егер нәтиже сандық көрсеткіштермен берілмесе, онда шығыстар мен нәтиженің сапалық сипатын салыстыру қажет (мысалы, шығыстар мөлшері және актіні қабылдаудың қоршаған ортаға, адам денсаулығына, қоғамдық адамгершілікке және т.с.с. болжанатын салдары);
- акт жобасының ережелері азаматтармен қалай қабылдануы мүмкін (акт жобасы қоғамдағы құндылықтар жүйесіне қайшы келмей ме; акт жобасында қолданылған терминология азаматтарға түсінікті және жетімді ме; заңды және заңға қайшы тәртіптің шекаралары қаншалықты анық белгіленген; азаматтардың құқықтық мәртебесі өзгере ме; егер акт жобасы бойынша әлеуметтік зерттеулер (сұранымдар, сауалнама және т.с.с.) жүргізілсе, онда тұрғындардың оған қатынасы қандайлық; акт жобасының ережелері ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қандай дәрежеде қозғайды (олар жаңа құқықтарға ие бола ма әлде олардың құқық шеңбері шектеле ме; оларға жаңа міндеттер артыла ма әлде олардың міндеттер шеңбері шектеле ме және т.с.с.);
- акт ережелерін іске асыру қандай ұйымдарға артылады (құқық қолданушыларда мүдделер коллизиясы туындау мүмкін бе; олардың акт жобасын нәтижелі іске асыру үшін ресурстары (адам, материалдық, ақпарттық және т.с.с.) жеткілікті ме; олардың сәйкес салада жұмыс істеу тәжірибесі бар ма; құқық қолданушылардың акт жобасына қатысы қандайлық; егер акт жобасы апробацияға ұшыраса, оның нәтижелері қандай қорытындыларға әкелді).
25. Акт жобасына қатысты салдарын жобалау барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар оны қабылдау (шығару) тиімділігі туралы, басқа актілер жобасын, тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеу туралы мәселені шешу, сондай-ақ ғылыми міндеттерді шешу кезінде қолданылады. Акт жобасына қатысты салдарды жобалау барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар актіні қабылдау қажеттігін негіздеуді дайындау кезінде қолданылады.
26. Қабылданған акт жобасының салдарды жобалау барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар осы саладағы актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен, қолданыстағы актіге қосымша жаңа акт қабылдау және т.с.с. қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тиімділігін арттыру туралы мәселені шешу кезінде қолданылады.

ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

І БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы Ұсынымдар Қазақстан Республикасының заң жобаларына түсіндірмелік жазбаларды (бұдан әрі - түсіндірмелік жазба) дайындау тәртібін анықтайды.
2. Түсіндірмелік жазба Қазақстан Республикасының заң жобаларын дайындаудың қажеттілігі мен басымдылығын негіздейтін және оларды қабылдаудағы мүмкін салдарды болжау арқылы дайындалып жатқан жобаның сапасын ұлғайтуға бағытталған құжат болып табылады.
3. Түсіндірмелік жазбаға:
3.1. заңды қабылдаудың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және басқа да алғышарттары;
3.2. заңды қабылдаудың әлеуметтік салдары;
3.3. заңды қабылдаудың республикалық және жергілікті бюджетке әкелетін салдары;
3.4. заңды қабылдаудың азаматтардың, жеке кәсіпкерлердің, сонымен қатар ұйымдардың табыстары мен шығындарына әкелетін салдары;
3.5. заңды қабылдаудың қоршаған ортаға әкелетін салдары туралы ақпараттар қосылады;
Заң жобасының құқықтық реттеу мәнін ескере отырып, заң жобасын дайындауға жауапты мемелекеттік органның (ұйым) шешімі бойынша түсіндірмелік жазбаға заңды қабылдаудың басқа да салдары туралы ақпарат қосылуы мүмкін.
4. Түсіндірмелік жазба заң жобасын дайындауға жауапты мемлекеттік органдармен (ұйым) жобаны дайындау барысында және заң жобасын келісу кезінде мүдделі органдардан түскен ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып дайындалады.

ІІ БӨЛІМ. ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1-тарау
Заңды қабылдаудың құқықтық алғышарттары

5. Заңды қабылдаудың құқықтық алғышарттары келесілерден анықталады:
5.1. заң жобасын дайындаудың құқықтық негіздерінен. Заң жобасын дайындаудың құқықтық негіздері ретінде жыл сайынғы заң жобаларын дайындау жоспарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары және т.б. болуы мүмкін;
5.2. құқықтық реттеудің осы саласындағы заңнамалардың жағдайы, олардың қолдану тәжірибесі мен құқықтық реттеуді талап ететін негізгі мәселелерінен.
Құқықтық реттеудің осы саласындағы заңнамалардың жағдайы нормативтік құқықтық актілердің талдауы негізінде зерделенеді. Осы кезде заңнамалардағы қайшылықтар мен ақаулардың болуы, құқықтық нормалардың белгісіздігі мен күрделілігі, құқықтық реттеудегі жүйеліліктің болмауы және т.б. ескеріледі.
Заңнаманы қолдану тәжірибесінің талдауын жүргізу барысында ескірген немесе тиімсіз қолданылатын нормалардың болуы, қазіргі құқықтық реттеудің өзгерген қоғамдық қатынастарға сай еместігі анықталады. Заңнаманы қолдану тәжірибесінің талдауы бұқаралық ақпарат құралдарынан, азаматтардың арыздарынан, сол актілерді қолданатын мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға сұранымдарынан алынған ақпараттардың негізінде жүргізіледі.
6. Құқықтық алғышарттарды анықтау барысында сонымен бірге төмендегілерді де анықтау қажет:
6.1. заңның қабылдану мақсаты, сонымен бірге оның құқықтық реттеу мәні. Заңның қабылдану мақсаты мен оның құқықтық реттеу мәнін сипаттау, осы актімен қандай қоғамдық қатынастардың реттелуі мүмкін және ол іске асқанда қандай мақсаттарға қол жеткізу тиіс дегенді негізге ала отырып, беріледі;
6.2. заң ретінде нормативтік құқықтық актінің осы түрінің таңдалуының негізділігі. Заң ретінде нормативтік құқықтық актінің осы түрінің таңдалу негізділігі онымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы мен маңыздылығын негізге ала отырып, анықталады. Бұл жерде заң нысаны, егер мұндай қатынастарды басқа нормативтік құқықтық актілермен реттеу мүмкін болмаса, қолданылады;
6.3 осы заң ережелерін іске асыруға қажетті жаңа нормативтік құқықтық актілердің тізілімі.
Осы заңның ережелерін іске асыру үшін қажетті жаңа нормативтік құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар оның сілтемелі нормаларын талдаудан шығып, тұжырымдалады. Одан бөлек, заң жобасының мәтінінде заңнамада іске асырылған сілтемелер болған кезде, қандай да сілтеме іске асырылатын нақты актілерді анық атап өту қажет.
7. Осы ұсыныстарға сәйкес талап етілетін ақпараттан басқа түсіндірме жазбаға заңды қабылдаудың құқықтық алғышарттары туралы басқа да ақпарат енгізілуі мүмкін (мысалы, ұлттық және шетел заңнамасын салыстырмалы талдау нәтижелері, мәселені шешудің баламалы жолдарын (заң қабылдаудан басқа) сипаттау, егер осы мәселе заң жобасымен күтілетін құқықтық реттеуге (мәселе шиеленіседі; өзгеріссіз қалады және т.с.с.) қол жеткізбесе, туындауы мүмкін салдарын көрсету).

2-Тарау
Заңды қабылдаудың әлеуметтік, экономикалық және басқа да алғышарттары

8. Заңды қабылдаудың әлеуметтік, экономикалық және басқа да алғышарттары мыналарды талдаудан туындайды:
8.1. қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын заңнамалық реттеудегі қоғамның сұраныстарында көрініс табатын әлеуметтік факторлар;
8.2. Қазақстан Республикасының белгілі бір салаларындағы экономикалық жағдайын жақсарту және тұрақтандыруға әсер ететін экономикалық факторлар;
8.3. Қазақстан Республикасындағы демографиялық ахуалды жақсарту және тұрақтандыруға әсер ететін демографиялық факторлар (мысалы, өлім деңгейін төмендету, туу деңгейін жоғарлату, отбасы институтын нығайту);
8.4. Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалын жақсарту және тұрақтандыруға бағытталған экологиялық факторлар;
8.5. қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласында мемлекет саясатын іске асыруға әсер ететін саяси факторлар.
9. Әзірлеушінің бастамасы бойынша түсіндірмелік жазбахатқа заңды қабылдаудың алғышарттары туралы басқа да ақпарат енгізілуіне болады.

III бөлім
Заңды қабылдау салдары

3-тарау
Заңды қабылдаудың әлеуметтік салдары

10. Заңды қабылдаудың әлеуметтік салдарын анықтау барысында мыналарды көрсету қажет:
10.1. қандай демографиялық, әлеуметтік топтарға (зейнеткерлер, мүгедектер, күнкөрісі төмен еңбекке жарамсыз азаматтар, жас отбасылар, кәмелетке толмағандар және т.б.) немесе жұмыскерлер санатына (мемлекеттік қызметкерлер, жас мамандар және т.б.) заң жобасының әрекеті қолданылады;
10.2. заңды қабылдау нәтижесінде азаматтардың (оларға жаңа құқықтар беріле ме немесе олардың құқықтары шектеле ме, оларға жаңа міндеттер жүктеле ме немесе міндеттер шеңбері шектеле ме және т.б) құқықтық мәртебесі өзгере ме;
10.3. азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен (ұйымдар) қатынасына қажетті уақыт шығыны азаю болжана ма және осы органдарға (ұйымдарға) ұсынылатын құжаттар саны азая ма;
10.4. заң жобасының ережелеріне қоғамның көзқарасын көрсету (егер заң жобасы қоғамда талқыланған жағдайда).
11. Осы тарауға сәйкес талап етілген ақпаратқа қосымша түсініктеме жазбаға заң қабылдаудың басқа да әлеуметтік салдары туралы ақпарат толықтырылады.

4-тарау
Заңды қабылдаудың қоршаған ортаға тигізетін салдары

12. Заң қабылдаудың қоршаған ортаға салдары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу (бұрыштама қою) сатысында заңнамамен келісу (бұрыштама қою) үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
13. Осы тарауды толтыру кезінде мыналарды анықтау қажет:
- заңды қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қоршаған ортаны қорғау саласындағы заң талаптары сақтала ма;
- заңды қабылдаудың қоршаған ортаға немесе табиғат аясының жекелеген құрамдастырына қатысты салдары;
- заңды қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін болдырмау және қалпына келтіру бойынша қандай шаралар қарастырылған.
14. Осы ұсыныстарға сәйкес талап етілетін ақпартқа қосымша түсіндірмелі жазбада заң қабылдаудың қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы басқа да ақпарат енгізілуі мүмкін.