Орталық мемлекеттік органдармен 2009 жылдың II жартыжылдығында мемлекеттік тіркеуге ұсынылған, нормативтік құқықтық актілерді дайындау сапасына талдау

  2009 жылдың II жартыжылдығында Әділет министрлігіне 343 НҚА тіркеуге келіп түсті, тіркелгені – 266 НҚА, тіркеуден бас тартылғаны – 71, орындауда – 6.  

Тіркелген НҚА-ның барынша көп саны мынадай мемлекеттік органдарда екендігін айта кету қажет.
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі – 93 НҚА;
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі – 45 НҚА;
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – 14 НҚА;
- Ұлттық банк – 14 НҚА;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 11 НҚА.
Ең көп тіркеуден бас тартылған НҚА Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (20 НҚА) мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде (13 НҚА).    
Cонымен қатар, мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негізі жоғары деңгейдегі актілерге заңға тәуелді НҚА сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік органдармен НҚА мемлекеттік тіркеу ережесінің және заң техникасын сақтамауы болып табылады. 
         Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптары, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – НҚА туралы Заңы), «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесі (бұдан әрі – Тіркеу ережесі) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекітілген, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу мен келісу ережесі және басқа бұзуға жол берілген.
         Мемлекеттік тіркеудегі заңдық сараптаманың нәтижесі бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негізі жоғары деңгейдегі актілерге НҚА сәйкес келмеуі:
 
Мәселен:
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгері енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы;
- «Ветеринарлық есеп пен есептілікті жүргізу, табыс ету Ережесін, ветеринариялық есеп пен есептілік  нысандарыні бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 556 бұйрығы;
- «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 01-01-07/170 бұйрығы.
 
Өрескел бұзушылықтардың бірден бірі НҚА туралы Заңның 25-бабы болып табылады, атап айтқанда, тікелей құзыреті жоқ НҚА қабылдайтын мемлекеттік органдар (БҒМ, ДСМ, ИСМ, ТСМ, ҚОҚМ, АШМ, ТЖМ, АБА, ЕК).
 
Мәселен:
-  «Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 456 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы халқына анестезиологиияық және реанимациялық көмекті ұйыдастыру ережесін, анестезия қарқында терапия кезеңде науқастың функционалдық жағдайының мониторингін жүргізу және анестезиялық қатерді бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 567 бұйрығы
 
НҚА туралы Заңның 38-бабының тиісті талаптарына сәйкес келмейтін атап айтқанда, мемлекеттік тіркеуге жатпайтын актілерді ұсыну жағдайлары жиі кездеседі (әсіресе, ТЖМ, ДСМ, ИСМ, ҚарМ, ІІМ).
 
Мәселен:
-                     «Әкелуге және әкетуге арналған тіндердің және (немесе) мүшелердің (мүшелер бөліктерінің), қанның және оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігін зерттеу, оларды консервілеуінің және тасымалдау зерттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 676 бұйрығы.
 
         Тіркеу ережесінің 8, 9-тармағы және 10-тармағы 4) – 10) тармақшаларының талаптарын бұзуға байланысты заңдық сараптама жүргізбей НҚА қайтару фактілері кездеседі.
         Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеуге НҚА ұсыну кезінде мемлекеттік органдар мынадай бұзушылықтарды барынша көп жібереді:
 
-          сараптамалық қорытындының көшірмесінің болмауы;
-          ғылыми сыбайлас жемқорлық қорытындысының көшірмесінің болмауы;
-          ҚР ӘМ мемлекеттік тіркеуге ұсыну мерзімдері сақталмайды;
-          белгіленген нысанда анықтама-негіздеменің мазмұны сәйкес келмейді;
-          актіні қабылдаған (келісілген) органның заңдық қызметі басшысымен парақтап қол қоюы жүргізілмейді;
-          құжаттардың толық пакеті ұсынылмайды және т.б.
 
Бұл бұзушылықтар өткен жылы да жол берілгендігін айта кету қажет.
         Бұдан басқа, мемлекеттік органдармен бастапқы ескертпелер толықтай жойылмаған жағдайлар кездесуде, бұл актілерді мемлекеттік тіркеуге бірқатар ұсынуға әкеледі.
        
Мәселен:
-                     «Аумаққтыы аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығы  (3 рет);
-                     «Судың бастапқы есебніңі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 624 бұйрығы (3 рет).
 
Бұдан басқа, Тіркеу ережесінің 17-тармағына сәйкес, НҚА мемлекеттік тіркеуден бас тартылған күннен бастап он бес күн ішінде, орталық немесе жергілікті органның басшысы, не оның міндетін атқаратын адам, тіркеуден бас тартылған НҚА тоқтату туралы тиісті актіні шығарады және оның көшірмесін Әділет министрлігіне жібереді.
Талдау нәтижесі бойынша мынадай бұзушылықтар анықталған:
- ҚР ТЖМ, ҚР ККМ, ҚР ОСК, ҚР ҰҚК, ҚР ЭБЖМ, ҚР ҰБ, ҚР ТСМ және ҚР ЕК кері қайтарылған 39 НҚА-дан бұйрық көшірмесінің бірде-бірі ұсынылмаған;
- ҚР ҚарМ және ҚР ҚНА Тіркеу ережесінің 17-тармағында белгіленген мерзімдерін тоқтату бұзылған.
Атап айтқанда, ҚР ҚарМ 30.12.2008 жылғы № 630 бұйрығы 20.07.2009 жылы тоқтатылған, 19.12.2008 жылғы № 628 бұйрығы 28.04.2009 жылғы № 182 тоқтатылған және ҚР ҚҚА 27.02.2009 жылғы қаулысы 25.05.2009 жылы 7.08.2009 тоқтатылған.
Осылайша, жүргізілген талдау нәтижелері Әділет министрлігіне мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жалпы жұмыс тиімділігі және оны әзірлеу мен ұсыну бойынша бұрынғы деңгейде қалып отыр.
Барлық көрсетілген сұрақтар, бірінші кезекте заң қызметтері мамандарының кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы Үлгілік ережесіне сәйкес заң қызметтерінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдармен заңнаманы қолданудың практикасын негіздеу;
Қазақстан Ресмпубликасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органдардағы құқықтық оқытуды ұйымдастыру.
Осыған байланысты, барлық мемлекеттік органдарға:
1) тіркеуге ұсынылатын НҚА дайындау кезінде көрсетілген бұзушылықтарды одан әрі болдырмау бойынша тиісті шараларды қабылдау;
2) НҚА оны заңнамаға қайшы келуіне байланысты тіркеусіз әрбір бас тартқан және кері қайтарған жағдайда, НҚА дайындау барысында осы бұзушылықтарға жол берген жауапты адамдар туралы мәселені қарау;
3) нормативтік құқықтық базаны білу деңгейін және оларды өз жұмысында қолдану тиімділігін арттыру мақсатында өз қызметкерлерін оқып-үйрету және емтихандық сабақтарын тұрақты негізде жүргізу;
4) заң қызметтерінің қызметіне тән емес функцияларды олардың міндеттеріне енгізбестен қамтамасыз ету қажет.
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Баспасөз қызметі
74-06-01