Заңды талаптар- мемлекеттік тіркеудің объектісі
Алғашқы рет мемлекеттік тіркеу туралы Заңы мемлекеттік тіркеу объектілеріне заңдық талаптарды жатқызды. Қазақстанда құқықтық кадастрдың құрылу проблемалардың зерттелуі, құқықтық кадастрда заңдық талаптардың тіркеуі азаматтық айналым тұрақтылығын және жылжымайтын мүлікке құқықтарын нығайтуын қамтамасыз ету үшін қажетті екенін көрсетіп жатыр. «Заңдық талаптар» ұғымына анықтамасы Мемлекеттік тіркеу туралы Заңының 1б. 13 т. көрсетілген. Заңдық талаптар, жылжымайтын мүлікке құқықтарға, онымен жасалатын мәмілелерге қатысты үшінші тұлғалардың даулауы не мүддесінің бар екендігін айғақтайтын заңдық фактілер екені көзделген. Бірақ, заңдық талаптардың берілген анықтамасы сәтті деп айту болмаса да, сонымен бірге берілген ұғымын енгізу және заңдық талаптар тізілімін құру құқықтық кадастрдан ақпарат тұтынушылары үшін маңызды орын алады, өйткені қатысушылар заңдық талаптар туралы жазуымен жылжымайтын мүлік құқығы даусыз емес екені және жылжымайтын мүлік тәртібіне анықтық беретіні туралы алдын ала ескертетіндіктен, азаматтық айналымның қатысушыларының қауіп - қатерін төмендетеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы Заңының 53 бабына сай, мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша заңдық талаптар, оның ішінде талап арыз беру, сот актілеріне шағымдану фактісі, жер учаскесін алып қою туралы шешім, кепілақы туралы келісім (қолхат), алдын ала шарт және өзге де фактілер тіркелуі мүмкін.
Жоғары көрсетілген заңдық фактілер құқықтық кадастрында тіркелген, бірақ олар бір түрлі ұғымымен байланысқан жоқ. Мысалы, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заңының күші бар, ҚР Президенті Жарлығының 27 бабы 2 тармағына сай, сотпен жылжымайтын мүлік құқығына қатысты қаулыларды, ұйғарымдарды, шешімдерді және де үкімдерді қабылдау фактілер, қабылдау кезеңінен бастап тіркеледі. Мысалы, көрсетілген норма негізінде, банкроттық туралы істің қозғалуы туралы сот ұйғарымын қоса отырып тіркеу туралы өтініші берілу мүмкін немесе талап арыздың қаралуға қабылдануы бола алады. Бірақ, оларды қай тіркеу объектіге жатқызу анық болған жоқ. Жылжымайтын мүлікке құқықтарының пайда болуына негіз бола алмайды. Баяндалғанмен байланысты, олар көбінесе жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар ретінде тіркеледі, бірақ, ауыртпалықтар белгілеріне олар сай келмеген. Бұның нәтижесінде, құқық иеленушілердің құқықтары бұзылу мүмкін болды. Мысалы, тыйым салуына дейін кепілдікке, жалға тапсыру, құқтары сот тәртібімен даулаған жылжымайтын мүліктен айырудан бас тартылу мүмкін, бірақ талап қою бойынша іс жүргізу фактісі, иеленуге тыйым салуға негіз бола алмайды. Ол үшін тыйым салу қажет.
Заңның 53 бабы 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеу үшін мүдделі тұлға тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және оның көшірмесін, сондай-ақ заңдық талапты растайтын құжатты ұсынады.
Заңның 22 бабы 3 тармағы негізінде, тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға почта байланысы бойынша мынадай: тіркеуші органның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік уәкілетті органдарға берілетін өтініштер (өтініш жасау, қолдаухаттар, талап-арыздар) негізінде туындайтын заңдық талаптарды тіркеген; тіркеуші органның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік органдардың актілері негізінде туындайтын ауыртпалықтарды немесе заңдық талаптарды тіркеген жағдайларда жіберілуі мүмкін.
Заңның 53 бабы 3 тармағына сай, заңдық талаптарды мемлекеттік тіркеу есептік болып табылады және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұруға немесе құқық ауыртпалықтарын белгілеуге әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 456 б. 3.13 т. сай, заңдық талапты мемлекеттік тіркеу үшін алымы 0,25 АЕК құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаменті
жылжымайтын мүлікке
құқықтарын тіркеу
бөлімінің жетекші маманы
Қ. М. Матина




