11-03-2010

Нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тарту

 
 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қантардағы «Темір жол көлігіндегі экспедиторлар қызметiнiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы болғандықтан мемлекеттік тіркеуден бас тартылды.
Атап айтқанда, құзыреті жоқ бола отырып және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімінсіз Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) аталған мемлекеттік органға клиенттiң құқықтары мен мiндеттерiн экспедиторға тапсырғанын растайтын құжаттарды тануға құзырет берілген.
Министрлікпен ұсынылған тасымалдау шарт бойынша алдын-ала төлеуді бекіту жөніндегі императивтік нормасы Қазақстан Республикасы «Темір жол көлігі туралы» Заңы 47-бабының 1-тармағындағы тасымалдау ақысының төлену мерзімі жақтардың келісімі бойынша анықталуына альтернатив қарастырылған делінген нормасына қайшы болған.  
Министрлікбизнеске әкімшілік салмақты төмендетуге және рұқсат беру жүйесін жеңілдетуге көзделген Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасына қайшы тасымалдау шартын жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерден артық құжаттар және мәліметтер сұрату талабы бекітілген.
         Бұдан басқа, бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесiн бұза отырып ұсынылған.
 
Әділет министрлігі
баспасөз қызметі, 74-06-01