Мемлекеттік тілді қолдану бойынша айлық


 
         Ақтөбе облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген семинарда 2010 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Әділет департаментінде мемлекеттік тілді қолдану бойынша айлықтың өтізілетіні туралы жарияланды.
         Қазіргі таңда іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуіне аса зор көңіл аударылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2001–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бығытында орындалып жатқан іс-шаралар баршылық, бірақ әлі де кезегін күтіп жатқан өзекті мәселелер де жеткілікті.
         Аталған бағдарламаны іске асыру және ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында айлық шеңберінде Әділет департаментімен жергілікті және республикалық БАҚ-да мақалаларды жариялау, басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып семинар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, сонымен қатар, сайыстар мен шығармашылық кештер ұйымдастыру секілді іс-шаралар өткізілуде. Ағымдағы жылдың 19 наурызында Ақтөбе облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тіл бойынша сайыстың өткізілуі жоспарланды.
         Қорыта келе, кадр бөлімінің маманы барлық қызметкерлерді аталған іс-шараларға белсенді қатысуларын сұрады.
 
 
Ақтөбе облысының
Әділет департаменті