Мемлекеттік тілді дамыту-басты бағытымыз
Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде ҚР Әділет Министрлігінің 02.02.2010ж. № 2-3/11 тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша үстіміздегі жылдың 1- наурыз мен 1 сәуір аралығында айлық өткізудің жоспарлы шаралары белсенділікпен өткізілуде.
Әділет Министрлігімен бекітілген іс-шараларының шеңберінде жұмыстануды, бұл бағытта жұмысты күшейту Департамент аппаратының және қалалық, аудандық әділет басқармаларының барлық қызметкерлеріне тапсырылды.
Әділет Департаментінің ұйымдастыру –бақылау және кадр қызметі бөлімінің бастығы Ә.Қарекесованың «Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен» атты мақаласы 05.03. 2010ж. Әділет Министрлігінің WEB-сайтында жарияланды.
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданының әділет басқармасы мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында келесі шараларды өткізді:
2010 жылдың 3 наурызында Жетікөл ауылдық округінің тұрғындарына және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне «Мемлекеттік тіл туралы» дәріс оқылды.
04.03.2010ж. Жымпиты ауылдық округі әкімшлігі қызметкерлеріне «Дамыған елдердің қатарына кіріп өзіміздің мемлекеттік тілімізді қалай дамыту керек ? » атты дөңгелек үстел өткізілді.
10.03.2010ж. Жымпиты ауылдық округінің тұрғындарына «Мемлекеттік тілді қолдау керек» атты дәріс оқылды.
10.03.2010ж. Орал қалалық Әділет басқармасы бастығының м.а. Г. Лұқпанның , әділет басқармасының бөлім бастықтары мен мамандарының және облыстағы Тілдерді дамыту басқармасының ономастика және көрнекі бақылау бөлімінің бастығы Ж.Ерназаровтың қатысуымен «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызмет саласында қолданылуы» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.
Батыс Қазақстан облысының
Әділет Департаменті




