Мемлекеттік тіл айлығы қорытындыланды
2010 жылдың 1 наурызында Әділет департаментінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Тараз қалалық әкімдігінің тілді дамыту бөлімінің, қалалық (аудандық) Әділет басқармаларының, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен бірлесіп қазақ тілін дамыту және насихаттау жұмысын өткізу жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
2010 жылдың 9-11 наурыз айының аралығында Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы К.А.Байхожа мен Тараз қалалық Әділет басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы Г.Шералиева №38, 39 мектептерінде «Тектеріңіз қазақша ма?» тақырыбына дәріс оқыды.
2010 жылдың наурыз айының 4-11 жұлдыздары аралығында зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік басқару тілі» атты тақырыбында дәрістер оқылды.
2010 жылдың 4 наурызында құқық түсіндіру жұмысы және тұрғындарға заң қызметін көрсету бойынша бөлімінің жетекші маманы Е.Жаңабаевтың облыстық «Ар-Ай» газетіне «Мемлекеттік тілімізді құрметтейік» мақаласы жарық көрсе, осы бөлімнің бас маманы Р.Ә.Тәжиева «Дектор сақ» ЖШС-де ұжым жұмысшыларына «Мемлекеттік тіл» тақырыбында дәріс оқыды.
2010 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тақырыппен Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасының тіркеушісі Б.Қаратаевтың қатсуымен Әділет басқармасында «дөңгелек үстел» өткізілді.
2010 жылдың 16 наурызында Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы Г.Демесиновтің қатысуымен аудандық қазынашылық бөлімінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын түсіндіру мақсатында дәріс оқылды.
2010 жылдың 12 – 16 наурыз аралығында Қордай аудандық Әділет басқармасының бас маманы С.Д.Есполов «Талапты» ЖШС-да «Тілге байланысты заңнамаларды жетілдіру» тақырыбына, «Қордай ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінде» «Қазақ тілі-менің тілім» және «Тілге байланысты заңнамаларды жетілдіру» тақырыбына дәрістер оқыды.
2010 жылдың 16 наурыз айында Қордай аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері мен Қордай аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Б.К.Сырманов және Қордай аудандық «Вестник потребителя и предпринимателя» газетінің бас редакторы М.Левантовскийдің қатысуымен «Қазақтар және қазақ тілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
2010 жылдың 5 наурызы күні Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына түсініктеме жүргізу мақсатында «Мемлекеттік тіл басты тіл» атты тақырыпта Меркі аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы К.Ш.Жұмалиева дәріс оқыды.
2010 жылдың 10 наурызында №30 аудандық «Меркі тынысы» басылым бетіне Меркі аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы С.Ш.Оразалиеваның «Тілден асқан байлық жоқ» атты мақаласы жарық көрді.
2010 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында Жамбыл аудандық Әділет басқармасының және Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл - мерейім» атты тақырыпта аудан әкімдігінің «Жастар орталығы» қызметкерінің және орта мектеп директорлары мен мұғалімдерінің қатысуымен «дөңгелек-үстел» өткізілді.
2010 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында Жамбыл аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы А.Жұмабаевамен Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Исмаилов атындағы орта мектеп» оқушылары арасында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын түсіндіру мақсатында дәріс оқыды.
2010 жылдың наурыз айының 17 – ші жұлдызында Жамбыл аудандық Әділет басқармасында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңын талқылау» атты тақырыпта мемлекеттік мекемелердің және Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
2010 жылдың 11 наурызында Тараз қалалық Әділет басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласы әкімдігінің мамандарын, прокуратура органының, Тараз қаласы ішкі істер басқарсмасының қызметкерлерін тарта отырып «Қазақстан Республикасы тіл туралы» Заңы тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.
2010 жылдың 17 наурызында Мойынқұм аудандық Әділет басқармасының бас маманы Е.Қалымбетовамен «Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ленин атындағы орты мектебі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне «Мемлекеттік тіл» атты тақырыбына дәріс оқылды.
2010 жылдың 11-18 наурызы аралығында Жуалы аудандық Әділет басқармасының бас мамандары К.Мәмбеталиевпен, Г.О.Ауғанбаевамен және жетекші маман Д.Кенжебековпен Нұрлыкент ауылдық округі әкімдігінің, Шақпақата ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы тіл туралы» Заңын түсіндіру мақсатында дәрістер оқылды.
2010 жылдың 4 наурызында Жуалы аудандық Әділет басқармасы қызмтекерлері, аудандық білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен «Қазақ тілі қазақтың болашағы» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Әділет департаментінің қызметкерлері өзара тек қазақ тілінде қарым-қатынас жасауда (сөйлесуде).
Сонымен қатар, 2010 жылдың наурыз айында Әділет департаментінің құжаттарының жалпы шығыс саны - 17945 (100%).
Сондай-ақ, Әділет департаментінің іс-қағаздарының барлығы қазақ тілінде жүргізілуде және алдағы уақытта қазақ тілін дамыту барысында алға қойылған мақсаттарды орындау және оған қол жеткізу үшін Әділет департаменті аянбай жұмыс жүргізуде.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру – бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы - Айгерім Қуатбек




