Терроризм дегеніміз не?


Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру «терроризм» деп аталады.
Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру. Кейбір зерттеулерге қарағанда, террористік іс-шаралардың басталуы біздің эраға дейін 44 жылы Цезарьды өлтірген жылға негізделеді. Демек, адамдар арасында бейбітшілік пен тыныштық болмаған, террористік және анархиялық іс-шаралар орын алып келген. Демек, сонау жылдардан бері террористік әрекеттермен күресіп келеміз-дегенге саяды. Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адам немесе топтасқан қауым «террорист» деп аталады. Террорист жеке адам және қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
 
Д.Мамырханқызы
Бәйдібек аудандық
әділет басқармасының
жетекші маманы