Елбасы Жолдауы – ел қамын ойлауы

Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, барлық қажыр – жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді.
Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы  да жылдан жылға артып отыр.
Соңғы жылдардағы тәжірибеде Елбасының Жолдауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға.  Жолдауда  аталатын әр сөздің мақсаты екі негізгі міндетті атқарады. Біріншіден, Жолдау алдағы күндерге қойылған  мемлекет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Екіншіден Жолдау мемлекеттік орган қызметінің қорытындылаудың тұсаукесері секілді. Елбасы жыл сайын өз Жолдауын арнағанда, болашаққа деген міндеттермен қатар, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын айшықтайды. Елбасының осы жылғы Жолдауы өте күрделі құжат және оның күні бөлек. Он жылға қойылған осындай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру біз үшін үлкен сын болмақ.
Қазақстанның 50 елдің қатарына қосылуына жаңа мүмкіндіктер ашылды. Әр Жолдауды халық үлкен үмітпен тыңдайды. Ең бастысы – халқы аман, әлеуметтік қорғалған елде өмір сүрудің өзі бір бақыт. Елбасы айтқандай, біз басты құндылығымыз – ортақ Отанымыз Қазақстан деп тануымыз керек. Сондықтан да, біз Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында кіршіксіз еңбектенетін боламыз.
Жолдау - өте өзекті әрі маңызды. Себебі, 56 мемлекет мүшесі болып табылатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалық ету оқиғасымен тұспа-тұс келді.
Елдің ертеңгі жарқын қадамы мол. Елбасымыздың Жолдауы халық игілігі үшін екендігін ұмытпағанымыз жөн. Бүгінгі тәуелсіз қазақ мемлекетінің ең үлкен мұраты – ұлттық идея болып отырғаны анық. Өсер ұрпақтың саяси-қоғамдық санасын қалыптастырып, тәрбиелеп отыру мақсатында кешегі төл тарихымыздың ақиқатын зерттеп, оқыту маңызды.
Қазақстан Республикасының Президентінің биылғы Жолдауы еліміздің алдағы онжылдықта ырғақты дамуына қатысты нақты мақсаттарды айқындап берді. Осынау маңызды міндеттерді іскерлілікпен жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
 
                 Атырау облысы Махамбет аудандық
                Әділет басқармасының бастығы