Апостиль және оның қолданылу аясы туралы
Бір мемлекеттен берілген құжаттарды екінші бір мемлекетте қолдану үшін ол алдымен куәландырылады. Қазіргі таңда оның екі әдісі бар. Консульдық жария ету мен апостиль қою.
Консульдық жария ету дегеніміз - бір мемлекеттен шыққан құжаттардың сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес басқа мемлекетте қолданылуы болып табылады.
Шетелдік ресми құжаттар Қазақстан аумағында жария етілуі мүмкін, ол әуелі Сыртқы істер министрлігінде немесе уәкілетті органдарда куәландырылып, содан кейін ғана Қазақстанның консулдық мекемелерінде куәландырылады.
Ал, екінші тәсіл бойынша: шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде, содан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде куәландырылады.
Бұл екі жағдайда да нотариаттық куәландырылған орысша аудармасы қажет.
Осы жоғарыда аталған процесстерді жою үшін 1961 жылы Гаага қаласында шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенцияға қол қойылды.
Қазіргі таңда Гаага Конвенциясына мүше 86 мемлекет бар. ТМД елдерінің арасынан Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан мемлекеттері Гаага Конвенциясына мүше болып табылады.
Ал, Қазақстан үшін Гаага Конвенциясына 30.12.1999 жылы қол қойылып, 30.01.2002 жылы күшіне енді. Сондықтан, АХАЖ органдары мен республика нотариустарынан шыққан құжаттарға апостиль қойылады. Апостиль қойылған құжат құжаттың шынайлылығын, заңдылығын, мөрдің, штамптың, қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растап, айқындайды.
Апостиль қойылған құжаттар әрі қарай жария етілмейді немесе куәландырылмайды.
Гаага Конвенциясының күші азаматтардың білімін, азаматтық жағдайын, еңбек өтілін, тірі екендігін айқындайтын, куәландырылған анықтамаларға, сенімхаттарға, соттың шешімдерімен азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша қойылады.
Сондай-ақ, апостиль Жарғылар мен құрылтай құжаттарына, патентке және мемлекеттік органдар мен басқару органдарынан шыққан (тіркеу куәлігі, лицензияға) құжаттарға да қойылады.
Апостилдің штампы төртбұрышты көлемі 9х9 см болып келеді. Апостилдің тақырыбы, мазмұны француз, орыс және қазақ тілдерінде жазылады.
Апостиль қойылмаған құжаттар Конвенцияға мүше емес мемлекеттерде жария етуге жатады.
Сонымен қатар, ресми құжаттарға апостиль қоярда оның заңдылығының заңнамаға сәйкестігі де қаралады.
Апостиль дипломатиялық немесе консулдық мекемелерден шыққан құжаттарға, кеден және коммерциялық операцияларға тікелей қатысты келісім-шарттарға, тауарларды шекара арқылы өткізу, сондай-ақ тауарларды жеткізу үшін қызмет көрсетуге және т.б. қойылмайды.
Ал, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде дайындалған немесе ресми мөрмен куәландырылған құжаттарға одан әрі куәландыру талап етілмейді, мұндай құжаттарға нотариатты куәландырылған аудармасы ғана қажет етіледі.
Сондай-ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтерінің елтаңбалы куәліктерінің барлық түрлеріне (туу, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу туралы куәліктеріне т.б.) акт жазбаларының көшірмелеріне және басқа да құжаттарға, нотариустардан шығатын «құжат көшірмелеріне, өтініштерге, сенімхатқа) апостиль қойылады.
2003 жылдың наурыз айынан бастап облыстық әділет департаментінде әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ республика нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою функциясы жүзеге асырылып келеді.
Осы уақыт аралығында апостиль қойылған құжаттар Нидерландыға, Австрияға, Америка Құрама Штаттарына, Португалияға, Германияға, Францияға, Италияға, Хорватияға, Грекияға, Түркияға, Польшаға, Ирландияға, Испанияға, Ұлыбританияға, Швейцарияға, Израильға, Бельгияға, Панамаға және т.б. мемлекеттерге жіберілді.
Маңғыстау облысы әділет департаменті




