Балалардың құқығын қорғау
Ювенальды әділет - бұл тек кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оларға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік жүйе.
Құқықтық қорғау кәмелетке толмағандардың тыныс-тіршілігінің барлық саласын: тәрбиені, білім беруді, денсаулық сақтауды, еңбекті, әлеуметтік қамсыздандыруды, бос уақытты өткізуді қамтиды.
Кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру аясына түскен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Практикада мұндай қорғау кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған ювенальды әділет жүйесімен асырылады.
«Ювенальды әділет» - термині кәмелетке толмағандар істері бойынша сот төрелігі деген ұғымды білдіреді.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандар мен жұмыс әдісін өзгерту мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесінде «Қазақстандағы ювенальды әділет» жобасының бастамасы бойынша жұмыс жүргізілуде, оның мақсаты, міндеттері мен принциптері айқындалды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» 2008 жылдың 19 тамызында №646 Жарлығы шықты.
Тұжырымдамада прокуратура органдарында кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды ұйымдастыру бойынша мамандандырылған бөлімшелер, кәмелетке толмағандарға мемлекет кепілдік беретін білікті заң көмегін көрсететін мамандандырылған жаңа ювенальды заң консультацияларын құру, сондай-ақ қылмыстық-атқару инспекцияларында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі маман-инспектор лауазымын енгізу көзделді.
Тұжырымдамада Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде оның тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін ювенальды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту көзделген. Бұл әділет, ішкі істер, білім беру және ғылым органдарында, соттарда, прокуратуралар мен адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша мамандандырылған бөлімшелер құруды қамтиды.
Бұл орайда, ювенальды әділет жүйесінің маңызды буыны құқық қорғау органдарындағы, кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйелері мекемелеріндегі, адвокатура және құқық қорғау ұйымдарындағы мамандандырылған құрылымдармен өзара тығыз әрекет ететін мамандандырылған (ювенальды) сот болуы тиіс, бұл әрі жеткіншек сот ісін жүргізу шеңберіне түспес бұрын да, сондай-ақ ұйым шығарылғаннан кейінде жүруі тиіс.
Кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің мақсаты – баланы қоғамнан айыру емес, оның жеке басының одан әрі қылмыс құрығында болуына жол берместен әлеуметтік оңалуына жәрдемдесу.
Ювенальды әділет жобасының барлық қатысушыларын – судьяларды, полиция қызметкерлерін, прокурорларды, адвокаттарды жасөспірімдермен жұмыс жасайтын әлеуметтік және оқыту-тәрбиелеу қызметінің өкілдерін біріктіретін жобаның басты міндеті күнделікті қызметте баланың құқықтарын мүлтіксіз сақтау болып отыр.
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Әділет басқармасының
бас маманы
Ә.Шырымбекова




