Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жалғасуда

  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша мамыр айында мынадай  іс-шаралар өткізді.

         Құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша
Қазақстан Республикасының Әділет министрі ағымдағы жылғы             17-18 мамырда Римде (Италия) «Мораторийден өлім жазасын жоюға дейін. Тіршіліксіз сот төрелігі болмайды» деген тақырыпта өткізілен әділет министрлерінің халықаралық 5-шi кездесуiне қатысты. Кездесу барысында өлім жазасына мораторий жариялау, өлім жазасына баламалы жазалау түрлерін қолдану мәселелері және қылмыстық-құқықтық санкцияларды ізгілендірудің өзге де қырлары талқыланды. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Рашид Түсіпбеков өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік саясаттың басты негізі адамның құқығы мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолын таңдағанын атап өтті. Р.Түсіпбеков форумға қатысушыларға Қазақстанның өлім жазасын жою бойынша қабылдаған шаралары мен мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Соның ішінде, елде Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2003 жылы өлім жазасына толық бас тартылғанға дейін мораторий жарияланғанын айтып өтті және Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру аясында қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен дамытудың перспективалары туралы ақпарат берді.
Аталмыш кездесу туралы ақпарат Министрліктің веб-сайтында, «Қазақпарат», «Казинформ» ақпарат агенттігінде, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды.
2010 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың Корея Республикасы Әділет министрінің орынбасары Сонг Енг Хунмен кездесуі өтті.
         Кездесу қатысушылары екі мемлекеттің құқықтық саясаты дамуының мәселелерін талқылап, ұлттық әділет органдары жүзеге асырып жатқан стратегиялық міндеттері туралы ақпараттармен алмасты. Қатысушылар ведомствоаралық әріптестіктің басты бағыттарын, оның ішінде заң шығару, жазаны орындау, қылмыстық атқару жүйесін дамыту, сот сараптамасы және өзге де мәселелерді талқылады. Бұл кездесу туралы ақпарат
Ағымдағы жылғы 5 мамырда «Экспресс К» газетінде «Украл на копейку – сел на рубль» мақала жарияланды. Онда автор Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ауырлығы орташа және аса ауыр емес қылмыстарды жасау фактілерін жазған. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарын декриминализациялау проблемасы көтерілген.
2010 жылғы 14 мамырда «Юридическая газета» басылымында «Прикосновение к прекрасному» атты мақала жарық көрді. Онда Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ОВ-156/13 түзеу мекемесіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы айтылған.
2010 жылғы 20 мамырда «Юридическая газете» басылымында «Не уходить от проблемы» атты мақала жарық көрді. Онда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті академиясында «Президент Жолдауының аясында қылмыстық-атқару жүйесін реформалау» тақырыбында дөңгелек стол өткізілгені туралы айтылған. Дөңгелек столға аталмыш комитет төрағасының орынбасары Е.Саламатов және «Нұр Отан» ҰДП Қостанай облысы бойынша партиялық бақылау комиссиясының нұсқаушысы Д.Қарабаев, сондай-ақ жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өкілдері қатысып, аталған саланы реформалау мәселесі талқыланған. 
2010 жылғы 26 мамырда «Хабар» телеарнасында «Третьего не дано» қоғамдық-құқықтық бағдарламасында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ашылған халықаралық талаптарға сәйкес келетін жаңа тергеу изоляторының ашылғаны туралы видеосюжет көрсетілді.
Кәсіпкерлікті дамыту және оны жүргізуді жеңілдету мәселелері бойынша
2010 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің дәстүрлі брифингі болып өтті. Брифингте Президент Жолдауында айтылған бизнесті жүргізу бойынша операциялық шығыстарды қысқарту бойынша Әділет министрлігінің аяқтаған негізгі іс-шаралары туралы мынадай ақпарат берілді. 
Біріншісі, «Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес тіркеу мерзімі  жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты сараланатын. Айталық, бұрын тұрғын үй қоры объектілеріне, гараждарға құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу мерзімі бес жұмыс күнін; тұрғын емес құрылысқа, бір объектіден тұратын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешенге құқықтарды (ауырпалықтарды) тіркеу мерзімі он жұмыс күнін; екі немесе одан көп объектіден тұратын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешенге құқықтарды (ауырпалықтарды) тіркеу мерзімі он бес жұмыс күнін құрады.
Бүгінде аталған мерзімдер 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды.  Бұл ретте қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасауға жол берілмейді, яғни құжаттың дайын болғанына қарамастан, азамат құжатын тек бесінші жұмыс күнінде ғана алады.
Екіншісі, 2010 ж. 17 мамырынан бастап республиканың барлық облыс орталықтарында, Қарағанды, Теміртау, Абай, Балхаш, Жезқазған, Сарань, Шахтинск қалаларында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалар мен жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамалар тек қана электронды түрде 30 минут ішінде берілуі тиіс. Бұрын мұндай анықтамалар 3 күн ішінде берілетін. Мұндай анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдіру арқылы не Интернет арқылы алуға болады.
Бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған үшінші шара заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына түзетулер енгізу тәртібін өзгертуге қатысты. Бұдан былай ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғаның орналасқан жері (бір облыстың немесе қаланың ішінде) өзгерген, жарғыда көрсетілген қызметтің кейбір түрлері қосылған немесе алып тасталған жағдайда құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеудің қажеті жоқ.  Заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органға бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Аталмыш іс-шара туралы ақпарат «Қазақстан», «Хабар», «КТК», «Астана», «СТВ» Рахат», «Стан ТВ», «ТДК 42», «31 канал», «7 канал» телеарналарында, «Қазақпарат», «Казинформ», «bnews.kz», «nomad.su», «www. today.kz», «thenews.kz», «Kz.today», «Zakon.kz» ақпарат агенттіктерінде, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Республика.kz», «Мегаполис», «Новое поколение», «Экспресс К», «Юридическая газета», «Алаш айнасы», «Ел», «Деловые новости» газеттерінде, Министрліктің веб-сайтында жарияланды.
Ағымдағы жылғы 4 мамырда «Хабар» телеарнасының «Решение принято» бағдарламасында Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары О. Бектенов «Регистр недвижимости. База данных» тақырыбында сұхбат берді. Онда кәсіпкерлікті дамыту барысында қолға алынған жылжымайтын мүліктің электрондық базасын одан әрі жетілдіру мәселесі туралы сөз болды.
14 мамырда «Экспресс-К» республикалық газетінде Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Венера Калимованың газет тілшісіне берген «Оказание государственных услуг» атты сұхбаты жарияланды. Онда Елбасы Жолдауының басым бағытының бірі кәсіпкерлікке жағдай жасауды оңайлату мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында атқарылған іс-шаралар туралы айтылған.
18 мамырда bnews.kz, nomad.su,www.kazinform.kz, www. today.kz, www.meta.kz ақпарат агенттігінің сайтында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу» тақырыбында Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің баспасөз релизі жарық көрді. Ақпараттың мәтінінде Республиканың барлық облыс орталықтарында ағымдағы жылғы                       17 мамырдан бастап жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама электронды түрде берілетіні туралы айтылған.
Экономиканы әртараптандыру бағыты бойынша
25 мамырда www.bnews.kz қаржы-ақпараттық порталында Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары О.Бектеновтың қатысуымен «Қазақстанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу» тақырыбында онлайн-конференция болып өтті. Онда барлығы келіп түскен 18 сұраққа толық жауап қайтарылды.
2010 жылғы 26 мамырда Тараз қаласында ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың кейбір мәселелері» тақырыбында өңірлік семинар өткізілді. Семинар жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қызметкерлері мен «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты. Аталмыш семинарда авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін заңды пайдалану саласында туындайтын мәселелер талқыланды.
Ағымдағы жылғы 26 мамырда Қостанай қаласында Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Өндірістік меншік объектілері: құқықтық қорғау, құқықтарды пайдалану және басқару» тақырыбында республикалық семинар өткізді. Семинарға аумақтық әділет органдарының, Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметкерлері мен ғалымдар қатысты. Семинарға қатысушылар өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, пайдалы үлгілер, өнеркәсіп үлгілерін, сондай-ақ азаматтық айналымға қатысушыларды жекешелендіру құралдарын құқықтық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.       
Ағымдағы жылғы 26 мамырда Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті «Азаматтардың құқықтық мәдениеті және білікті заңгерлік көмекке қол жеткізуі» тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек столда аталмыш комитеті төрағасының орынбасары Элиманов Жанат Калдыбекұлы, Астана қаласы әділет департаментінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің, Ішкі істер министрлігінің, Республикалық және қалалық нотариаттық палатаның, Қазақстанның адвокаттар одағының, Ақмола облысы әділет департаментінің, Қарағанды облысы адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Дөңгелек столға қатысушылар құқықтық насихат мемлекеттің құқықтық саясатының құрамдас бөлігі, азаматтардың нотариаттық қызмет саласындағы білікті заңгерлік көмекке қол жеткізуін жақсарту перспективалары тақырыбын талқылады.
Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау бағыты бойынша
2010 жылғы 14 мамырда «Алаш айнасы» газетінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р.Түсіпбековтың газет тілшісіне берген сұхбаты жарияланды. Мақалада Министр Президент Жолдауының Әділет министрлігіне жүктеген міндеттерін атап өтіп, бұл ретте жасалып жатқан шаралар туралы толық мағлұмат берді. Атап айтсақ, Министрдің сұхбатында: «Елбасымыз биылғы дәстүрлі Жолдауында алдағы онжылдықта мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нақты міндеттер мен басымдықтарды айқындап берді. Мемлекет басшысы әр қазақстандық азаматты тұрмыс-тіршілікті жақсарту жолында күш-жігерімізді жұмылдыруға, экономикалық және әлеуметтік салалардағы проблемаларды бірлесе шешуге шақырды.
Президент Жолдауда атап өткендей, дағдарыстан кейінгі кезеңде мемлекеттің дамуында негізгі локомотив бизнес құрылымдары болмақ. Бұл бағытта кәсіпкерлерге жұмыс жағдайын одан әрі оңайлату үшін Министрлік тиімді тетіктерді қарастырып жатыр. Атап айтсақ, құрылтай құжаттарына өзгерістер тек хабарламаның негізінде ғана енгізілетін болса, ал заңды тұлға таратылған кезде оның барлық филиалдары мен өкілдіктері орталықтандырылған түрде есептік тіркеуден шығарылады. Бұл белгілі бір шамада бизнесті тіркеуге әрі жүргізуге байланысты операциялық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Елбасының Жолдауда атап көрсеткен құқық қорғау органдарының жұмысын қайта қарау талабының шеңберінде, біз қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдай жасауға жұмыс істеудеміз. Жалпы, қылмыстық-атқару жүйесі жақсартуға мұқтаж. Сондықтан оны жетілдіру бойынша Министрлік кешенді бағдарлама әзірлеуде. Атап айтсақ, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті сотталғандарға, оларды емдеуге және жұмыспен қамтуға тәрбиелік ықпал етудің тиімді жүйесін жасауда.
Министрлік «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» деген электрондық деректер қорларына қосымша нотариустардың қол жеткізуіне арналған жеке «Электронды нотариат жүйесі» пилоттық жобасын әзірледі.
Бұл оларға жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде – клиенттің некеде тұрғанын, оның тіркелген мекен-жайы қандай екенін, сондай-ақ жұмыс үшін қажет мәліметтерді көруге көмектеседі.
«Электронды нотариат жүйесін» қолдану болашақта жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте азаматтар әділет органдарына жүгіну міндеттерінен босатылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу әділет органдарының немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері мен өтініш берушілердің тікелей байланыспауы арқылы жүзеге асады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең тиімді шара болады әрі халық үшін жылжымайтын мүлікті тіркеу процесін едәуір жеңілдетеді» - делінген.
Ағымдағы жылғы 18 мамырда «Астана ақшамы» газетінде «Құқықтық сала қағидалары сараланды» атты мақала жарық көрді. Мақалада : «Жолдау жарияланған сәттен бастап құрылған Әділет министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы министр Рашид Түсіпбековтың төрағалық етуімен Жолдаудың негізгі ережелерін халыққа түсіндіру іс-шараларын өткізді. Іс-шара барысында астананың мыңға жуық тұрғындары қамтылды. 
Министрлік заң шығару қызметін жақсартуға, бизнес ашуды жеңілдетуге, пенитенциарлық жүйені ізгілендіруге, нотариат пен адвокатура саласында азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған өзгерістерді қолға алды.
Президенттің Жолдауында министрлікке тікелей қатысты айтылған міндеттердің бірі – «Сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру және заңдардың сапасын арттыру». Бұл ретте, заң шығармашылығы қызметінің сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша Министрлік жанындағы Заң шығару институтының қызметі түбегейлі қайта қаралып, ерекше мәртебесі бар мемлекеттік мекемеге өзгертілді.
Қазіргі таңда аталмыш мекеме мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытудың құқықтық проблемаларын зерттеу, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың құқықтық тәсілдерін зерделеу, заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау, қазақ және орыс тілінде әзірленген заң жобалары мәтіндерінің түпнұсқалылығын тексеру, заңнаманы жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеу, кодекстер мен заңдарға ғылыми-практикалық түсініктемелер дайындау саласындағы жұмысты жүзеге асыруда» - делінген.
Ағымдағы жылғы 21 мамырда «ОКО» газетінде Заңгерлік қызмет көрсету және лицензиялау басқармасының бастығы Бактыгүл Атағазиеваның «Хорошего человека должно быть много» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада нотариустардың қызметіне қойылатын талаптың қатаңдатылғаны жайында айтылған.
10 мамырда «Казақ радиосының» эфирінде заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы Марат Әбіш сұхбат берді. Онда Қазақстандағы бағалау қызметін дамыту перспективалары туралы ақпарат берілді.  
Ардагерлерге қамқорлық бағыты бойынша
2010 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р.Түсіпбеков Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан Астанаға арнайы келген Ұлы Отан Соғысына қатысушылармен кездесу өткізді.
Әділет министрі ардагерлерді құттықтай келе, 9 мамыр мерекесі ондаған жылдар өтсе де, майдандастар ұрпағының ерлігі, айбыны мен құрметінің жарқын символы болып қала беретінін айтып өтті. Олардың ерен ерлігі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Министр Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының фашизмді жеңудегі КСРО аумағындағы және одан тыс жерлердегі барлық ірі ұрыстарға қатысушы жауынгерлер ретінде қосқан үлесін атап өтті. Кездесу соңында ардагерлер мұндай жылы қабылдау үшін, сондай-ақ Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен қатысушыларын әлеуметтік қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар үшін ризашылықтарын білдірді. 
Бұл шара туралы ақпарат «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында, «Астана ақшамы» газетінде, Министрліктің веб-сайтында жарияланды.
Ағымдағы жылғы 7 мамырда «Юридическая газета» басылымында «Поклон всем и низкий почет» тақырыбында мақала жарық көрді. Мақалада Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында ардагерлерге арнап өткізген мерекелік іс-шарасы туралы жазылған.
6 мамырда Қазақпарат агенттігінде Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қылмыстық атқару жүйесінің жас қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі туралы ақпарат жарияланды. Ақпаратта 17 жас қызметкердің ҚР халқы мен Президентіне адал қызмет етуге ант бергені, бұл рәсімнің Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алғаны айтылған. Іс-шараға Комитеттің басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қызметкерлердің туыстары мен ата-аналары қатысты. Мұндай шара республиканың барлық пенитенциарлық шараларында іске асырылды.
7 мамырда «Алматы» телеарнасы мен Қазақпарат агенттігінде  Ұлы Жеңістің 665 жылдығына орай Алматы тергеу изоляторында ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысын жариялады. Ақпаратта Ұлы Отан соғысының 20 қатысушысы, 38 тыл еңбеккері мен бір Ленинград шайқасының қатысушысына ақшалай көмек көрсетілгені, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылғаны айтылған.
Ресми веб-сайттың толтырылуы бойынша
Президенттің Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында Әділет министрлігінің Web-сайтын ақпараттық материалдармен толтыру тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Барлық ақпараттық материалдар «Жаңалықтар» және «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы» бөлімдерінде ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру туралы ақпарат, Президент Жолдауы айдарларында орналастырылады.  
Сонымен қатар, аумақтық әділет органдары жүзеге асыратын Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар барысы, республикалық ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің өткізген кездесулері туралы ақпараттар «Жаңалықтар» айдарында да тұрақты жарияланады.