Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы барысын ақпараттық сүйемелдеу
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша сәуір айында мынадай іс-шаралар өткізді.
Құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша
20.04.2010 жылы Әділет министрі Р.Түсіпбековтың төрағалық етуімен қылмыстық-атқару жүйесінің органдарымен пенитенциарлық жүйенің ағымдағы жылғы 1-ші тоқсандағы жұмысының қорытындысы, соның ішінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, қылмыстық-атқару жүйесін реформалау мәселелері бойынша отырыс өтті.
Кеңесте сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезіндегі заңдылықтың жай-күйі, медициналық қызметтің жұмысын ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны жеңілдету үшін өтінішпен сотқа дербес әрі тікелей жүгінуін көздейтін заң жобасын әзірлеу процесін тездетуге тапсырма берді. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ медициналық қызметкердің мекеме әкімшілігіне қызметтік тәуелсіздігін жою мақсатында медициналық қызметті Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру мәселесі қаралды.
Бұл іс-шара туралы ақпарат «Казинформ», «Кz.tydey», «Nomad», «Zakon.kz» «Казахстан Сегодня», «Nur.kz» және т.б. ақпараттық агенттіктерінде, «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерімбет Ерболат қылмыстық-атқару жүйесіндегі реформалар, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі баспасөз брифингінде сөз сөйледі.
Брифинг барысында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі, соның ішінде сотталғандардың конституциялық құқықтарын қорғау, оларды қайта әлеуметтендіру және емдеу туралы, Халықаралық ұйым өкілдерінің пікірлері туралы мәселелер жарияланды.
Бұл шара «КазТаг», «Интерфакс», «Қазақпарат» ақпараттық агенттіктерімен, «Казахстанская правда», «Фокус», «Заң газеті» басылымдарымен, «Стан ТВ» телеарнасымен және т.б. ақпараттандырылды.
Ағымдағы жылдың 6 және 7 сәуірінде «Хабар» телеарнасында «Третьего не дано» қоғамдық-құқықтық бағдарламасында Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі есірткі бизнесінің алдын алу туралы документальды фильм жарық көрді. Телеарнаға Қылмыстық-атқару жүйесінің төрағасы М.Аюбаев сұхбат берді.
«Қазақпарат» агенттігінің таспасында 7 сәуірде қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) Астаналық офисінде азаптауға және басқа да адам құқықтарын аяққа басатын әрекеттерді алдын алу Тұжырымдамасының ережелерін іске асыру аясында семинар-тренинг өткендігі жайлы мақала жарық көрді. Бұл жоспарлы шара Елбасының Жолдауында айтылған құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз етумен бақылау жасалуын іске асыру аясында өтіп отыр. Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлерінен басқа бұл кездесуде қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Анар Ибраева мен басқа да мүшелері, сондай-ақ «Нұр Астана» мешітінің имамы Бейбіт Мырзакелдиев қатысып ат салысты.
Осы жылдың 14 сәуірінде «Юридическая газета» басылымында Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының бастығы Д.Закимовтың «Ориентир - гуманизация» атты мақаласы жарияланып, онда Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде құқық қорғау жүйесін реформалаудың және қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің кезі келгені айтылды.
«Юридическая газета» басылымының 14 сәуірдегі санында «Служба пробации: зарубежный опыт» атты мақала жарық көрді. Онда Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының қызметкері А.Сипанованың пікірінше сотталғандарды қоғамнан оқшауламай жазалауды қолдану саласын кеңейту экономикалық тұрғыдан мемлекеттік бюджет пен салық төлеушілерге түсетін жүкті азайтатыны айтылған.
Ағымдағы жылғы 23 сәуірде «Юридическая газета» басылымында «Гуманизация разгрузит колонии» атты мақала жарық көрді. Онда Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы К. Бекмағамбетов Қостанай облысындағы түзету мекемелерін ізгілендіру процесі туралы айтқан.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесін реформалау мәселелері бойынша Қостанай қаласында дөңгелек стол өткізу жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту және оны жүргізуді жеңілдету мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Ә.Аманбаевтың 2010 жылғы 2 сәуірде «Казахстанская правда» басылымында «Ядро гражданского общества» атты, 21 сәуірде «Юридической газета» газетінде «Критерии - качество и своевременность» атты кәсіпкерлердің бизнесті жүргізу кезіндегі тәртібін жеңілдету жөніндегі мақаласы жарық көрді.
2010 жылғы 27 сәуірде «Қазақ радиосында» Заңдық қызметі көрсетуді ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы А.Ағыбаеваның қатысуымен «Перспективы развития оценочной деятельности» тақырыбында бағалау қызметін дамыту мәселесіне арналған сұхбаты жарияланады.
Экономиканы әртараптандыру бағыты бойынша
2010 жылғы 23 сәуірде ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитеті «Шапағат-2010» VII Республикалық өнертабыс саласындағы жетістертер конкурсын өткізді. Аталмыш конкурстың мақсаты – елдің индустриялық-экономикалық дамуындағы инновациялық қызмет пен өнертабыстың рөлін жан-жақты арттыру, өнеркәсіп саласындағы үздік жетістіктерді кеңінен насихаттау, осы салаға инвестиция тарту, перспективалы әзірленімдерді өндірістік секторға енгізу болып табылады.
Конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау барысында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Оған Еуразиялық патент ұйымының президенті А.Н. Григорьева, Украина Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік зияткерлік меншік департаментінің өкілдері Л.И. Глухивская, П.И. Иваненко қатысты.
Республикалық конкурс аясында «Жыл өнертабысы», «Әйел өнертабыскер», «Ең жас өнертабыскер», «Ең белсенді өнертабыскер», «Жас дарын» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау бағыты бойынша
Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Ә.Аманбаевтың «Литер» газетінде «Хороший нотариус по доступной цене» тақырыбындағы мақаласы осы айдың аяғына дейін жарық көреді деп жоспарлануда.
2010 жылғы 27 сәуірде Заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының бастығы Б.Атағазиеваның «На первом плане – интересы людей» атты «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбаты жарияланды.
Ардагерлерге қамқорлық бағыты бойынша
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде «Қазақпарат», «Кz.tydey» агенттігінде «ҚР Әділет министрлігі әкімдіктермен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының паспорттарын тегін рәсімдейді» деген ақпарат жарияланды.
Қостанай қаласы ҚАЖК академиясында профессор-оқытушы құрам мен тыңдаушылардың Ұлы Отан соғысы ардегерлері мен тыл еңбекшілерімен кездесуі ұйымдастырылуда. 35 ардагер аталған оқу орнының мұражайына барады.
Ресми веб-сайттың толтырылуы бойынша
Президенттің Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында Әділет министрлігінің Web-сайтын ақпараттық материалдармен толтыру тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Барлық ақпараттық материалдар «Жаңалықтар» және «Қазақстан
Республикасы Президентінің Жолдауы» бөлімдерінде (ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру туралы ақпарат, Президент Жолдауы айдарларында) орналастырылады. Есептік кезең ішінде барлығы 15 материал жарияланған.
Айталық, «ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру туралы ақпарат» айдарында «Елбасы жолдауы ел қамын ойлауы», «Жолдауға қолдау», «Сенімге ынтымақ пен бірлік қосылса» атты мақалаларда Елбасы Жолдауының негізгі ережелері мен бағыт-бағдары туралы айтылған.
Сонымен қатар, аумақтық әділет органдары жүзеге асыратын Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар барысы, республикалық ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің өткізген кездесулері туралы ақпараттар «Жаңалықтар» айдарында да тұрақты жарияланады.




