Аманбаев Әмірхан Тапашұлы

Ақмола облысы Целиноград ауданы Воздвиженка селосында 1959 жылы 22 наурызда туған. Ұлты — қазақ.
Әкесі — Аманбаев Тапаш.
Анасы — Аманбаева Тәжігүл.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірді (1984), құқықтанушы.
3 сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Өзінің еңбек жолын 1976 жылдың тамыз айынан Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданында Дружба совхозында жұмысшы болып бастады.
1984–1985 жылдары Торғай облысы Есіл ауданының прокуратурасында тағылымдамашы болып жұмыс істеді.
1985 жылдан бастап осы ауданның прокурорының көмекшісі қызметіне, 1987 жылы Амангелді ауданы прокурорының тергеушісі қызметіне тағайындалды.
1989 жылы Есіл ауданы прокурорының орынбасары, ал 1991 жылы Торғай облысы Қиимын ауданының прокуроры болып тағайындалды.
1996 жылдан бастап — Арқалық қаласының прокуроры.
1997 жылдан — ҚР Бас Прокуратурасының тергеу басқармасы бөлімінің прокуроры.
1998 жылдан — Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
2001 жылы — ҚР Бас Прокуратурасының әкімшілік, азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы.
2002 жылдан — Қостанай облысының прокуроры.
2007 жылдан 2009 жылдың мамыр айы аралығында-Қарағанды облысының прокуроры қызметтерін атқарды.
2009 жылдан 2010 жылдың 1 маусымына дейін ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Төрағасы лауазымында болған.
2010 жылдың 1 маусымынан бастап қазірге дейін — ҚР ӘДілет Министрінің орынбасары.
«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Астана» медалымен (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Үйленген. Зайыбы — Кеңесова Қайникен Малтыкқызы. Ұлдары — Аян (1984 ж.) және Руслан (1989 ж.).




