Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бойынша келіп түскен мәліметтерге сәйкес 2010 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыс жөніндегі А Қ П А РА Т
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР Әділет министрлігінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқарудағы негізгі тіл ретінде қолданылуына жағдай туғызу.
Осыған орай Елбасының 2006 жылғы 30 мамырдағы № 127 Жарлығына сәйкес ҚР Әділет министрлігі іс қағаздарын 2007 жылы мемлекеттік тілге көшірді. Министрлік әр ай сайын қағаз жүзінде және тоқсан сайын автоматтандырылған жүйе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне мемлекеттік тілдегі кіріс-шығыс құжаттарының көрсеткіштері туралы есеп беріп отырады. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында мониторингтің нәтижесі бойынша ҚР әділет министрлігіндегі хат айналысы туралы келіп түскен мәліметтерге сәйкес мемлекеттік тілдің үлесі министрліктің аппараты және комитеттері бойынша шығыс құжаттарында 100 пайызды, ал аумақтықтық әділет департаменттері және ведомостволық бағынысты органдары бойынша қорытынды (қосынды) көрсеткіші 98,5 пайызды құрайтындығын көрсетті.
Шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілді қолдану үлесінің көрсеткіштері 100 %-ға жетпегендер:
1. Алматы қаласы әділет департаменті – 70,5 %;
ҚР Әділет министрлігінде қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылып, қызыметшілерге барлық жағдай жасалған.
Сонымен, осы курстарда оқитын қызметшілердің белгіленген уақытта мемлекеттік тілді меңгеруі, сондай-ақ, курсты аяқтаған қызметшілердің өз бетінше мемлекеттік тілде құжат әзірлеуі, т.б. талаптардың орындалуы осы жұмыстың саласында Кадрлік басшылық тарапынан жиі қадағаланып отырады.
ҚР Әділет министрлігіндегі келіп түскен мәліметтерге сәйкес
2010 жылдың І-жартыжылдығындашығыс құжаттары бойынша
А Қ П А Р А Т Ы
(2010 жылғы І-жартыжылдық)
– І –
ҚР Әділет министрлігі орталық аппаратындағы сыртқы құжат айналымындағы шығыс құжаттарының барлығы – 6 781, оның барлығы (100 %) – қазақ тілінде.
Орталық аппараты мен комитеттері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының сыртқы құжат айналымындағы шығыс құжаттарының барлығы – 283 357, оның барлығы (100 %) – қазақ тілінде.
– ІІ –
АУМАҚТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ БОЙЫНША:
Шығыс құжаттарының жалпы саны – 745 396, оның 734 565 (98,5 %) – қазақ тілінде, 10 831 (1,5 %) орыс тілінде.
– ІІІ –
ҚР Әділет министрлігі бойынша шығыс құжаттарының 2010 жылдың жартыжылдығындағы қорытынды (қосынды) көрсеткіші – 1 028 753, оның – 1 017 922 (98,5 %) – қазақ тілінде, ал 10 831 (1,5 %) орыс тілінде.
Шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілді қолдану үлесінің көрсеткіштері 100 %-ға жетпегендер:
1. Алматы қаласы әділет департаменті – 70,5 %;
– I Y –
2010 жылдың І-жартыжылдығында барлығы – Аударма саласы бойынша 905 беттегі 96 құжат редакцияланды, 464 беттегі 166 құжатаударылып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Ішкі әкімшілік департаменті
Мемлекеттік тілді дамыту
және аударма басқармасы




