АНА ТІЛІН АРДАҚТАЙЫҚ
Қазқстан Республикасындағы тіл туралы 11.07.1997 ж. №151 Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасап отыр.
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
Мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді меңгеруге үкімет тарапынан толық мүмкіншілік жасалып отыр, сондықтан мемлекеттік тілді өмірде қолдану, оқып үйрену және дамыту өз қолымызда. Кейінгі ұрпаққа ең басты мұра тіліміз, салт-дәстүріміз.
Өзіңді өзің силасаң, жат жанынан түңілер деген қазақтың мақалы тегін айтылмаған, сондықтан құрметті азаматтар сіз болып, біз болып балаларымызды өз ұлтын силауға, тілін қадірлеуге, тілді толық меңгеруге тәрбиелейік, ол үшін әрбір азамат өзінің ана тілінде сөйлеп, ана тілінде отбасымен қарым-қатынаста болуы керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Ереже бойынша 1-бөлімінің 1-тарауының 20-тармақшасына сәйкес қазақтың ұлттық тарихи дәстүрі бойынша қазақ ұлтты азаматтар тегін әкесінің атымен немесе атасының атымен өзгертуге болады, бірақ арғы атасының атына өзгерту заңда жазылмаған.
Мысалы Калиев Талғат Еркінұлы – Еркінұлы Талғат деп немесе атасының атымен Ахметжан Талғат Еркінұлы деп, яғни Ахметжан Талғаттың атасы.
Жас туған нәрестелердің де тегі, аты, әкесінің аты бір тілде жазылуға тиісті. Мысалы Байжанов Тлек Нурланович немесе қазақша Байжан Тлек Нұрланұлы деп, яғни өтініш иесінің қалауы бойынша.
Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуын Әділет басқармасының құжаттандыру бөлімінде азаматтардың тілегі бойынша тегін жазған кезде ов-ев, ова-ева, әкесінің атын ович-евич, овна, евна қосымша жалғауларды алып тастап, қазақ тілінде мысалы Наурызбай Болат Керімұлы деп төлқұжат немесе жеке куәлік рәсімдеуге болады.
Жарма аудандық Әділет басқармасы




