Бұл - өрлеу жолымыз
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – алдағы жаңа онжылдық кезеңіндегі экономикалық тұрғыдан өрлеудің жолдары айқындалып, жүзеге асырылуға тиісті міндеттер белгіленген маңызды оқиға.
Жолдауда ел экономикасын дамытудың халықтың әл-ауқатын арттырудың барлық сала бойынша негізгі бағыттары атап көрсетілген. Елбасымыз Жолдауында «Адам - елдің байлығы. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» деген.
Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жалақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақыларды көбейту міндеттелген. Халықтың денсаулығын жақсарту бағытында медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, соның ішінде әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар іске қосылмақ. Білім беру саласында мектептер мен балабақшаларды салып, көбейту көзделген. Мемлекеттің экономикалық қуаты күшті болса, ауызбірлік мықты болса, табысқа жетіп, халықтың тұрмысы жақсара беретіні анық. Мұның бәрі қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттің экономикасын дамыту, саяси тұрақтылықты сақтаудағы басым бағыттар.
Жолдаудағы стратегиялық жоспарларды біздің еліміздің өрлеу жолы, халыққа жасалып жатқан қамқорлық пен жақсылықтардың жалғасы деп білеміз.
Маңғыстау облысы
әділет департаменті




