Есептеу және ұйымдастырушылық техниканы және лицензиялық бағдарламаны қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс өткізуді жариялайды

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Астана қаласы, Сол жағалау Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үйде (www.minjust.kz ) Есептеу және ұйымдастырушылық техниканы және лицензиялық бағдарламаны қамтамасыз етуді
мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс өткізуді жариялайды.
Көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі конкурстық құжаттамаға сәйкес.     Конкурсқа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші 2011 жылғы 17 мамырға 11 сағ. 00 минутқа дейінгі мерзімді қоса алғанда, мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 1031 кабинеттен немесе тапсырыс берушінің www.minjust.kz интернет-ресурсте тіркелуден өткеннен кейін алуға болады.
Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 1031 кабинетке ұсынады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2011 жылғы
18 мамырға 10 сағ. 30 минутқа дейін.
           Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2011 жылғы 18 мамырға 11сағ 00 минутта мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 1039 кабинетте ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мынадай телефондар бойынша алуға болады.: 8 (7172)  74-06-86, 74-06-88.