Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды (телевизиялық бағдарламаларды) республикалық арналарда жасау және тарату жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша қайталама конкурс өткізуді жариялай
admin Сн, 2011-04-23 16:32 жарияланды
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Астана қаласы, Сол жағалау Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үйде (www.minjust.kz ) Деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды (телевизиялық бағдарламаларды) республикалық арналарда жасау және тарату жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша қайталама конкурс өткізуді жариялайды.
Көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі конкурстық құжаттамаға сәйкес. Конкурсқа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші 2011 жылғы 10 мамыр 11 сағ. 00 минутқа дейінгі мерзімді қоса алғанда, мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 1031 кабинеттен немесе тапсырыс берушінің www.minjust.kz интернет-ресурсында тіркелуден өткеннен кейін алуға болады.
Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 1031 кабинетке ұсынады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2011 жылғы 11 мамырда 10 сағ. 30 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2011 жылғы 11 мамырда 11сағ 00 минутта мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 1031 кабинетте ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мынадай телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 74-06-86, 74-06-88.
Войдите либо зарегистрируйтесь, чтобы скачать конкурсную документацию

.jpg)




