Халыққа айқын жол ашқан – Орталық.

«Халық» газеті №3 (390)
17 қаңтар 2008 жыл

Халыққа  айқын  жол  ашқан – Орталық.

Қай  кезде  болмасын  ең  алдымен  халыққа  уақытылы  және сапалы қызмет  түрін  ұсыну  үшін, алдымен, мемлекеттік  қызмет  көрсету  кезінде  сыбайлас жем­қорлық, сөзбұйдалық  және  өзге де әкімшілік кедер­гілерді болдырмау мақсатында тиісті жағдай жасау керектігі айқын. Ол үшін қара­пайым  халықтың уақытын үнем­деу  үшін  олардың  көптеген  мем­ле­кеттік  органдарға  текке  сабы­луын жойып, ақпараттық  қызмет  көрсету  жүйесін  орталықтандыру  қажет  екені   белгілі.
     Қазіргі таңда елімізде атқарушы билік жүйелерінің тәуелділігін жою және мемлекеттік басқарудың үстемдігін шектеу үдерістері қолға алынып, жергілікті  өзін - өзі   басқару  жүйесі   енгізілуде.
     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының  2005-жылғы  халыққа арнаған Жолдауында “жалғыз терезе” қағидасы бой­ынша тұрғындарға қызмет көрсету  орталықтарын  тәжірибе  ретінде Астана  және  Алматы  қалаларында  жасап көру керектігі тапсырылған  болатын. Көп  ұзамай  қос  қалада   халыққа  қызмет  көрсету  орталық­тары  құрылып, іске  кірісті. Ал  мұның тиімділігіне байланысты Үкіметтің кеңейтілген отыры­сында Президент облыс әкімде­ріне 2006 жылдың ішінде “жалғыз терезе”  қағидасы  бойынша  қызмет  көрсету  орталықтарын  құру жө­нінде  шаралар  қабылдауды  тап­сырған  болатын.
      Ал  осы барлық «Халыққа  қызмет көрсету Орта­лықтарын  құруды  үйлестіруші  орган  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі  болып табы­лады. Оның  ұйымдастыруымен  жұртшылыққа   қызмет  көрсету ор­талықтарын құру жұмысы облыс­тарда белсенді түрде қолға алынып, жүйелі түрде жүзеге асты. Осылайша халыққа қызмет көрсету мақсатында  жұмыс  атқару көп ұзамай  өзіміздің  Сыр өңірімізде  2006  жылдың 20-желтоқсанында салтанатты түрде ашылып, қала  тұрғындарына  есігін  айқара  ашқан болатын. Осы  уақыт аралығында   Орталық  өз  дәрежесінде  жұмыс  жасап  келеді.
Атап айтар болсақ, Халыққа  қызмет  көрсету  үшін  орталықта  39  терезе  бар, оның 26-сы азаматтардың  құжаттарын қабылдауға, 9-ы дайын құжаттарды беруге арналған, 2-терезеде тек мүгедектер мен ардагерлерге қызметтің барлық түрі көрсетіледі, 3 терезеге қызмет  көрсетуші  банк  орналасқан.
         Орталықта қазіргі таңда 100-ден аса білімді де алғыр өз мамандықтарының  майталман  жас мамандары қызмет  жасауда. Осынша қызметкерлерді  бір шаңырақ астына біріктіріп өз тәжірибесімен ұжымды ұйыған сүттей қосып басшылық жасап отырған Аида  Абибуллаева  Ибрагимқызының үлесі зор.
         Сонымен қатар, орталықта қызметкерлердің  кәсіби  біліктілігін көтеру  мақсатында уәкілетті органдардың, яғни облыстық әділет департаментінің заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу, азаматтарды  тіркеу  және   құжаттандыру, АХАЖ бөлімінде  және  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік бөлімдерінде  орталықтың азаматтардан құжаттарды қабылдаушы инспекторлар тағлымдамадан өткізіледі. Тағлымдама нәтижесімен  қызметкерлерден  сынақ   та қабылданады.
         Әр сала бойынша уәкілетті  органдар  мен Халыққа қызмет көрсету орталығы арасында құжат айналымы жағдайына апта сайын талдау жүргізіледі. Талдау нәтижесінде әртүрлі себептермен құжаттардың қараусыз кері қайтару негіздері, құжаттардың жоғалу  жағдайлары, құжаттардың  қолданыстағы заңдардың  талаптарына  сәйкес  келмеуіне  байланысты  бас тарту жағдайлары және құжаттардың  орындалу  барысындағы заңда қарастырылған  мерзімнің  талаптары  бұзылу  жағдайлары зерттеліп, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмеу мақсатында құжат айналымына күнделікті бақылау жүргізіліп, тиісті  іс-шаралар  атқарылуда.
         Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету Орталығы ғимаратында қызмет көрсетілуші азаматтарға көптеген жағдайлар  жасалған.
         Атап айтқанда, орталықтың күту залында азаматтарға арналған  тынығу орындары орналастырылған, жұмсақ  жиҺаздар қойылған, құжат үлгілері  ілінген ақпараттық стенділер қойылып, азаматтарға Банк кассалары, жылдам суретке түсіру, нотариалдық куәландыру, көшіру аппараттары, дәмхана орындары ашылып, орталықта өз қызметтерін көрсетуде. Азаматтарға қолайлы болу үшін банкоматтар, таксофон, үлкен экранды теледидар, кондиционерлер орнатылған. Халыққа қызмет көрсету орталығында негізгі қызметтен басқа халыққа рухани азық болатын іс-шаралар да атқарылуда.
         Мәселен, ұлттық  өнер туындыларының көрмесі, жергілікті қыл-қалам, сурет өнері, мүсін өнері шеберлерінің көрмесі, сондай-ақ жақында орталықта «Арулар асыл жандар» атты қыздар  сыны өте жоғары  деңгейде өткізіді. Мұндай іс-шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат – жастардың  тек өз мамандығымен халыққа қызмет жасау ғана  емес. Олардың салт-дәстүрімізге деген көзқарастары, бойындағы өнерлерін таланттарын  тамашалау болатын.
         Осылайша орталыққа өз еңбектері сіңген қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан, халық тарапынан көптеген алғыс алған қызметкерлер Орталықтың бір жылдық мерекесіне орай Аида Ибрагимқызының  алғыс хаттарымен мараппатталды.  
         Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы–жедел жаңару жолында» атты Жолдауында аталып өткен «Бір терезе» қағидасы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы аясында әртүрлі тақырыптарда түсіндірме мақалалары облыстық басылымдарда жарық көріп келеді.
         Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету Орталығына 2007 жылға белгіленген штаттық кестесіне сәйкес 87 бірлік белгіленіп, осыған сәйкес қызметкерлер жұмыс атқаруда. Орталықтың әрбір сала бойынша көрсететін қызмет түрлері бойынша 2007 жылдың қорытындысы бойынша  орталыққа 109705 құжат келіп түскен.
         Тағы бір айта кетерлік халыққа жағымды жаңалықтардың бірі  халыққа қызмет көрсету орталыңында «Оңтайлы топтың» құрылуы. Топтың мақсаты  қандай да бір сепептермен орталыққа келіп құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда және соғыс ардагерлдері мен зейнеткерлерге үйлеріне барып қызмет жасайды. Қазірде бұл оңтайлы топтың құрылғанына небәрі 1-айдың ішінде 60-тан аса азаматтарға қызмет жасалған. Оның ішінде үлкен данагөй аталарымыздан 15-ке жуық  алғыстар түскен. Міне, осылайша орталық  жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында орталық басшысы Аида Ибрагимқызы жыл бойы  жақсы  жұмыс  жасағандығы үшін арнайы қала  әкімінің  алғыс  хатымен   мараппатталды.
         Еліміздің Конституциясында Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі ретінде – бүкіл  халықтың игілігін көздейтін экономикалық   дамуға қол жеткізу  көзделген. Осыны  іске асырудың бір айғағы – Халыққа қызмет көрсету Орталығының ашылуы мен жүйеге келуі деп айтсақ артық болмас. Елбасымыздың негізгі тапсырмасының  өзі – халыққа  дер кешінде, әрі сапалы қызмет көрсету. Осы қағидатын берік ұстанған Қазақстан Әділет Министрлігінің тапсырмасына сәйкес облысымыздағы 8-ауданда Қызылорда қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының филиалдары ашылуда. Қазіргі таңда Жалағаш, Қармақшы, Жаңақорған, Сырдария   аудандарында  орталықтар өз жұмыстарын  атқарып жатыр. 
         Жалпы ойды қорыта келе, бүгінгі күнде және болашақта да Халыққа қызмет көрсету Орталығы – халықтың игілігін  мүддесін қорғайтын  бірден – бір  орынға  айналарына  сеніміміз  мол.
                                                                                                  Гүлназ  Бадырақова