АХАЖ саласында атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек комитетінде (бұдан әрі - Комитет) өткізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты, екі бөлімнің қосылу нәтижесінде құрылған Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмысын ұйымдастыру басқармасының негізгі міндеттері аумақтақ әділет органдарының азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Комитет Төрағасының 2008 жылғы 17 маусымдағы № 7 «Апостиль туралы» бұйрығымен әділет бөлімшелерінен және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою өкілеттігі Әділет департаменттеріне өз аумақтары бойынша, соған қосқанда Астана және Алматы қалалық департаменттеріне, берілген.
2008 жылғы 9 айда жалпы республика бойынша апостильдеу мәселелері бойынша әділет органдарына 7354 азамат (2007 жылғы осы мерзімде - 7157) өтініш жасаған, 19528 құжат апостильденген (2007 жылда - 17874), оның ішінде, АХАЖ органдарымен берілген – 4940 (2007 жылда - 5898), нотариалдық көшірмелер мен актілер – 14520 (2007 жылда - 11891), өзге де мемлекеттік органдарынан шыққан – 68 (2007 жылда - 85).
4507351 теңге (2007 жылда - 3841027) мемлекеттік баж өндірілген.
ҚР СІМ-мен берілген соңғы мәліметтерге сәйкес, 2007 жылғы 1 қараша күйге Гаага Конвенциясы қатысушы-мемлекеттер құрамына 91 ел кіреді (тізімі төменде келтірілген).
Мемлекеттерге жасалынған талдау жұмысының нәтижесі бойынша апостильденген құжаттардың көпшілігі, мына елдерге тән: Алманияға – жалпы саннан 3683, Ресей Федерациясына – 1856, Чехияға – 1821, Польшаға – 1547, Италияға – 1484, Ұлыбританияға – 979, Испанияға – 862, Грекияға – 831, Туркияға – 792, АҚШ-қа – 726, Израильге – 561, Бельгияға – 549, Францияға - 511 және т.б. екендігін көрсетеді. Басқа мемлекеттердің үлесі аз ғана.
Азаматтар апостильдеу мәселелері бойынша толық кеңесті министрліктің сайтынан, немесе телефон арқылы хабарласып министрліктің және әділет департаменттерінің АХАЖ және апостильдеу бөлімдерінен алуға мүмкіндік бар (тізімі төменде келтірілген).