Баспасөз релизі

2008 жылғы 27-28 қарашада Брюссель қаласында өткен «Үстемдікті нығайту жөніндегі  Еуропалық Одақ Бастамасын жүзеге асыру ісіндегі басымдықтар. Құқықтың үстемдігі – дамудың басты негізі» тақырыбындағы  ЕО мен ОА әділет министрлері кеңесінің шеңберінде Германия Әділет министрі Б.Циприс ханыммен уағдаластыққа қол жеткізілді. Осындай уағдаластыққа Чехия, Румыния және Болгария Әділет министрлерімен де қол жеткізілді. 27 қарашада тиісті келісім Қазақстан Республикасының Әділет министрі мен Франция Әділет министрімен жасалды.

Осы елдермен ведомтсвоаралық келісімдер жасасу өзара мүддені білдіретін жұмыстың бағыттары бойынша, соның ішінде әділет органдарының қызметін жетілдіру және жаңғырту бойынша, сондай-ақ әділет органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған тәжірибе алмасуды қамтитын бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасында мемлекет Басшысы айқындаған, атап айтқанда оң тәжірибені зерделеу және енгізу, заңнаманы жетілдіру бойынша міндеттерді іске асырмақ.
Еуропалық елдердің әділет органдарымен келісімдерге қол қою және оларды іске асыру Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады. Брюссельде өткен кеңес барысында ұсынылған Орталық Азияда құқықтың үстемдігін нығайту жөніндегі Еуропалық Одақ Бастамасы құқықтық салада Еуроодақтың Қазақстан Республикасымен өзара қарым-қатынасын айтарлықтай жандандыру ниетін қолдайды.
Осыған байланысты Еуроодақтың әділет органдарымен тығыз ынтымақтастықты орнату «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған және Бастама мәлімдеген міндеттерді ойдағыдай іске асыруға ықпал ететін болады.