«Өз ісінің маманы» атағы үшін сайыс өткізілді.
Шығыс – Қазақстан облысының түзеу мекемелеріне жұмыс істейтін кәсіптік мектептерде оқитын сотталғандар арасында «Өз ісінің маманы» атағы үшін сайыс өткізілді.
ШҚО бойынша ҚАЖ комитеті басқармасы комисиясымен сайыскерлер келесі өлшемдер бойынша бағаланды:
- Өнімді өндіру көлімін орындауы;
- Шығарылатын өнімнің сапасы;
- «Еңбек-Өскемен» РМК өндірісіндегі жұмыс өтілі;
- Кәсібі бойынша оқудағы жетістіктері;
- Жазасын өтеу тәртібін сақтау;
Қорытындылай келе РМК 17 - филиалының ұн өнеркәсібінің бригадирі сотталған В. Дроздов «Өз ісінің маманы» облыстық сайысының жеңімпазы атанды (ОВ156/2 мекемесі, қатаң режим).
Ол басқаратын бригада бидай ұнын (диірмен түрік өндірісінен ағымдағы жылы сатп алынған) сонымен қатар, арпа және түрлі жармалар өндіреді. Сайыс жеңімпазы бағалы сыйлықпен және мақтау грамотасымен марапатталды.
Аталған шара «Астана» телеарнасымен түсіріліп, «Қызықты оқиғалар» бөлімінде ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында эфирге шықты.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті




