13-02-2009

Еуропа Одағы мен Орта Азия Әділет министрлерінің «Құқық төрелігі – дамудың іргетасы» атты тақырып бойынша өткен кеңесіне түсініктеме

   Орта Азиядағы құқық төрелігі бойынша Еуропа Одағы ынтасының шеңберінде, 2008 жылғы 27-28 қарашада Брюссель қаласында Еуропа Одағына мүше-мемлекеттер мен Орта Азия мемлекеттерінің әділет министрлерінің кеңесі өтті.
 
   Аталмыш кеңестің барысында, әділет министрлері құқықтық және соттық салаларда тәжірибе алмасуды нығайту мақсатында тығыз серіктестікті орнатуға дайындығын білдірді.
   Қол жеткізген уағдаластықтар әділет министрлері қол қойған Бірлескен мәлімдемеде орын алды.
   Қазақстан үшін Еуропа Одағының әділет органдарымен тығыз ынтымақтастықты орнату Ел басшымыздың «Еуропаға жол» атты бағдарламада белгілеген мақсаттарды, сондай-ақ келесі салалардағы еуропалық тәжірибені зерделеуге ықпалын тигізеді:
   - адам құқықтарын сақтау саласында халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың көпшілік таныған нормаларын қолдану мәселелері бойынша;
   - адам құқықтарын сақтау саласындағы халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың көпшілік таныған нормаларын бас бостандығынан айыру орындарында қолдану, сондай-ақ қылмыстық жазаларды    орындау мәселесіне қатысты еуропалық тәжірибені зерделеу бойынша;
   - Қазақстан Республикасының заңнамасын әзірлеу мен талдау саласында тәжірибе алмасу.
   Осыған орай, Әділет министрлігімен  Еуропа мемлекеттерінің әділет министрліктерімен байланыс орнату бойынша шаралар асырылып жатыр.
   Еуропа Одағы ынтасының мәтіні мен Бірлескен мәлімдеме қосымша берілген.