«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заң жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпан айындағы № 78 Қаулысымен бекітілген Үкіметтің 2007 жылға арналған заң жобалар жұмыстары жоспарына сәйкес және осыған байланысты шығарылған Әділет министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасындағы сот – сараптама қызметі туралы» Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылып, оның құрамдық тізімі бекітілген.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырыстары өтті. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығы мен Денсаулық сақтау министрлігі Сот медициналық орталығы аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен ұсыныстарды жинақтау және өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Заң жобасы 8 мемлекеттік органдарымен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік Басқару Академиясымен) келісілді, сондай-ақ Сот сараптамасы орталығының аумақтық құрылымдарына танысу үшін жолданды.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралды. Қазіргі уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді. 2008 жылдың 22 каңтарында Заң жобасын қарастыруы бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің отырысы өткізілді. Вице-Министр М.Б.Бекетаевтің баяндамасын тыңдап Парламент Мәжілісінің депутаттары, Заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшелері Заң жобасы тұжырымдамасын мақұлдады.




