Байқоңырда сыбайластықтың алдын алу шарасы өткізілді
Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2009 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес жасалған арнайы кестеге сай, Байқоңыр қалалық әділет басқармасы базасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды жүзеге асыру бойынша облыстық семинар өткізілді. Семинарды әділет департаменті бастығының орынбасары Тастыбай Лесеров жүргізіп, оған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байқоңыр филиалының өкілі А.Дәулембаев, Байқоңыр қаласындағы Президент өкілдігінің мемлекеттік жұмыстарды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Шәкішев және Байқоңыр қаласы Әділет басқармасының және Халыққа қызмет көрсету Орталығы Байқоңыр қалалық филиалының қызметкерлері қатысты.
Төрағалық етуші Т.Лесеров кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясы «Бірлік» филиалының бастауыш партия ұйымы мүшелерінің Әділет органдары қызметкерлеріне жариялаған үндеуін жеткізді.
Төрағалық етуші жарияланған үндеуден кейін күн тәртібімен таныстырып,семинар-кеңестің мақсатына тоқталды.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің мемлекетіміздің ұстанған саясатының басты бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу-жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны іске асыру деген сөз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Әділет департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, қызметтегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөнінде» арнайы жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес, атқарылған жұмыстарды баяндады.
Төрағалық етуші өткен жыл бойынша Қызылорда облысының Әділет органдары саласында ешқандай сыбайлас жемқорлыққа жол беру фактісі орын алмағандығын баса айтып өтті.
Т.Лесеровтен кейін сөзді «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байқоңыр филиалының өкілі А.Даулембаев алып, халықтық-демократиялық партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған жұмыстарына тоқталып, партияның осы орайда атқарып жатқан жұмыстарының жай-күйіне тоқталды.
Өз кезегінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байқоңыр филиалының өкілі А.Дәулембаев Әділет органдарының атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беретінін атап өтіп, Әділет органдарының мемлекеттік тіркеу саласындағы функцияларының бірі - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қызметін Байқоңыр қаласы бойынша жүзеге асыруды жергілікті жердегі Әділет басқармасының құзырына беру шешілсе,- деген ұсынысын білдірді.
Партия өкілінен кейін сөзді Байқоңыр қалалық Әділет басқармасының бастығы Н.Орымбаев алып, сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік саясатты ұстануда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда басқарма тарапынан атқарылған жұмыстарға, атап айтқанда арнайы бекітілген жоспарға сәйкес,өткізілген іс-шаралар (семинар-кеңестер, кездесулер), құқықтық насихат жұмыстарына тоқталды.
Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, қызметтегі тәртіп пен реттілікті нығайтуда 2009 жылға арналған арнайы жоспар бекітіліп, жоспарда белгіленген мәселелерге тоқталып, қазіргі таңдағы атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Әділет басқармасы бастығынан кейін төрағалық етуші Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған «Бір терезе» қағидасымен қызмет атқаратын халыққа қызмет көрсету орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, қызметтегі тәртіп пен реттілікті нығайтуға қосып жатқан үлесі, жүргізілген жұмыстар төңірегінде орталықтың жетекшісі Ш.Ұзақовадан орталық жұмысына халықтан қандай да бір сын-ескертулер болған болмағаны жайында сұрады.
Осы орайда, халыққа қызмет көрсету орталығының Байқоңыр филиалының жетекшісі Ш.Ұзақова орталық қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыратынын, қазіргі таңға халыққа қызмет көрсетуде ешқандай жазбаша арыз-шағымдар болмағанын айтты.
Баяндамашылардан кейін семинар-кеңеске төрағалық етуші Т.Лесеров мемлекетіміздің ұстанған саясатының басты бағытына қолдау жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, онымен күресуге, елге адал қызмет етуге шақырды.




