Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған шара
Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2009 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес жасалған арнайы кестеге сай, қармақшы аудандық әділет басқармасы базасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды жүзеге асыру бойынша облыстық семинар өткізілді. Семинарды әділет департаменті бастығының орынбасары Тастыбай Лесеров жүргізіп, оған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қармақшы филиалының орынбасары К.Раева, Қармақшы аудандық Әділет басқармасының және Халыққа қызмет көрсету Орталығы Қармақшы аудандық филиалының қызметкерлері қатысты.
Төрағалық етуші Т.Лесеров кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясы «Бірлік» филиалының бастауыш партия ұйымы мүшелерінің Әділет органдары қызметкерлеріне жариялаған үндеуін жеткізді.
Бәрімізге белгілі Елбасы 8 қағидатта ұсынған болатын, осыған орай әр қызметкер осы қағидатты бұлжытпай орындау қажеттігін айтқан К.Раева 2008 жылы аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Одан әрі Халыққа қызмет көрсету орталығы қармақшы аудандық филиалының жетекшісі М.Абылайұлы және әділет басқармасының бастығы Н.Асанова өз мекемелерінде атқарылған жұмыстарды жеткізді.
Семинар соңы жалпы пікір алысу, ұсыныстарды жеткізу негізінде қорытындыланды.




