АХАЖ жұмысы бойынша семинар – кеңес
Жамбыл облысы Әділет департаменті 2009 жылдың 12 ақпаныда Жамбыл облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу және табиғи қозғалысын толық және уақытылы қамтамасыз ету бойынша, аудандық /қалалық/ Әділет басқармаларының 2008 жылы атқарған АХАЖ қызметінің жұмыс туралы семинар - кеңес өткізді.
Аталған семинар-кеңеске Жамбыл облысының статистикалық басқармасы, Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау департаментінің , Жамбыл облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, Сот медициналық сараптама орталығының Жамбыл облыстық филиалының, Жамбыл облысы балалардың құқығын қорғау департаментінің, ЗТМО Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдері, аудандық /қалалық/ Әділет басқармаларының АХАЖ қызметтерінің /бөлімдерінің/ қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты.
Бұл, өткізілген семинар - кеңесте азаматтық хал актілерін тіркеу және халықтың табиғи қозғалысын толық және уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Әділет басқармаларының 2008 жылы атқарған жұмыс нәтижесі туралы баяндамалар тыңдалды. 2008 жылдың азаматтық хал актілерін тіркейтін мамандарымен барлығы 52803 азаматтық хал актілер тіркелген, оның ішінде: туу – 28111, өлім – 8737, неке қию – 8903, неке бұзу – 1484, әкелікті анықтау – 4923, ұл /қыз/ асырап алу – 226, 419 – тегін, атын, әкесінің атын өзгерту актілері тіркелген.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары А.Қ.Мәмбетқұлов Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, «электронды үкіметтің» құрылуы және «Ұлттық реестр идентификациялық нөмерлері» Заңын іске асыру негізінде Әділет департаменті тәжірибелік шаралар қолданып жатқаны туралы және қайтыс болған азаматтардың тізімі элеткронды түрде ЗТМО Жамбыл облысы бойынша филиалына тапсырылып тұратыны туралы айтып өтті.




