Мінсіз қызмет ету – міндетіміз.
Халыққа қызмет-мерейлі міндет екені біздің жас ұжым үшін ашылған күннен бастап бұлжымас қағидаға айналды десем артық айтқандық емес.
Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қ.Р Әділет министрлігінің тікелей басшылығымен еліміздің түпкір-түпкірінде қызмет көрсетуде.
Еліміздегі БАҚ арқылы танысып отырғанымыздай халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы нөпір кезекті жойып, «Электронды кезек» арқылы халыққа оңтайлы,тиімді қызмет көрсетіп ,жұмыс жасауда. Мұндай үрдісті жұмыс Қызылорда қалалық қызмет көрсету орталығы Сырдария филиалында да жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ауданның көптеген ауылдарында филиалдың өкілдіктері жұмыс жасайды.
Бұрын филиалда тұрғындарға 25 қызмет түрі көрсетілетін болса,бүгінгі таңда бірнеше қосымша қызмет түрлері қосылып отыр. Олар атап айтқанда:тұрғындарға істі болмағаны жөнінде анықтама беру, ешқайда тіркелмегені туралы анықтама беру,және қорғаншылық жөнінде.
Елбасымыздың биылғы дәстүрлі Жолдауында: «Адамдарды ашындырмайық,оларға сөзбен,іспен көмектесейік. Мемлекет қазір нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен келісім сақтау міндет болып қалады» деп атап өткендей халыққа қызмет,мерейлі міндет болмақшы.
Ә.Жәлімбет
Қызылорда облысының
ХҚКО Сырдария филиалының инспекторы




