ҚАЖ комитетінде мемлекеттік тілдің тұғырын көтеретін айлықтың нәтижесі сомдалды

 

Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде 2010 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурыз  аралығында «Өз тіліңді құрметте» атты айлық өткізілді.
Айлық өткізудің негізгі мақсаты – Мемлекетіміздің  Елбасы                        Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызуда талдап-түсіндіру жұмыстарын өткізіп, неғұрлым тиімді, әрі нақты мүмкіндіктерді пайдаланып, мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы мәселелерді шешу болып табылады.
Айлық барысында аумақтық бөлімшелердің барлығында дерлік                 «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты бірінші басшылардың қатысуыменашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге мемлекеттік тілде құжат әзірлеуіне бағыт-бағдар бере отырып, тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді ресми қарым-қатынас дәрежесінде үйренуіне және өз бетімен қызмет барысында, сондай-ақ іс жүргізу кездерінде еркін қолдана алуларына мүмкіндік туғызу. Қазақ тілін үйренушінің оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілде қызметтік хат жазу мәдениетін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру болды.
         Мемлекеттік тілді үйренушілер арасында «Алтын сандық», «Кім тез?», «Аудармашылар сайысы», «Көрермендер ойыны» жарыстары ұйымдастырылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, телеарналарда «Өз тіліңді құрметте» атты айлық жөнінде іс-шаралар кеңінен жарияланды: КТК-7 телеарнасында 2010 жылғы 12 ақпанда «Тыныс» ақпараттық бағдарламада айлықтың өту барысы туралы Мемлекеттік тілді дамыту тобының аға маман-аға инспекторы әділет капитаны А. Әлназарова хабар берді. ҚАЖ комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасында «Тілсіз тіршілік тұл» атты баяндама жасалды, 2010 жылғы 15 ақпанда «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының «Тіл мен діл» хабарында ИЧ-167/2 түзеу мекемесінде «Өз тіліңді құрметте» атты өткізілген айлық туралы көрсетілді. Сонымен қоса, ҚАЖК ОҚО бойынша басқармасына қарасты ИЧ-167/3 өткізілген ашық сабақ «Отырар» жергілікті телеарнасында 1-эфирге шықты, ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің қызметкерлері айлық тақырыбы бойынша «Таңшолпан» сазды ақпарат бағдарламасына сұхбат берді. ОВ 156/18 мекемесінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемеде» тақырыбында пікір алмасу, «Туған тілің - тұғырың», «Ғажайып алаң», «Тапқыр достар» сайыстары өткізілді.
 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы қызметкерлері «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Біз қазақша сөйлейміз» тақырыбында көңілді тапқырлар клубы атты сайыс, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тақырыпта тестік жұмыстар, «Ал, кәнеки қыздар» атты сайыс ұйымдастырды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына айлықтағы өткен іс-шаралар туралы («Жазаларды орындау», «Семей таңы», «Рауан», «Шемонаиха шұғыласы», «Солтүстік Қазақстан», «Дидар» және т.б.) мақалалар жолданды, теледидар эфирінде материалдар, радио толқынында ақпараттар шықты.
Айлық қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге қазақ тілінде оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілде қызметтік хат жазу мәдениетін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру, мемлекеттік тілде құжат әзірлеуіне бағыт-бағдар беру, тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді ресми қарым-қатынас дәрежесінде үйренуіне және қызмет ету барысында тілді өз бетімен еркін қолдана алуларына мүмкіндік туғызды.
Қорыта айтқанда, кезекті айлық шеңберінде бірқатар игі істердің атқарылуына қол жеткізілді және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.
          
 
   
ҚАЖ комитеті
Мемлекеттік тілді дамыту
бөлімінің бас маманы
әділет капитаны
А. Құйқалақова