notary

5611

 

Айдаров       
Ақсу қаласынан. Мен әйелім және қызым инвалидтер, 400 мың теңгелі үйді сатып жібергем, әйелімді алдап, ол үй 50 мың теңгеге келеді деп, нотариус біліп тұрып заңсыз рәсімдеу жіберді, ол нотариус прокурордың әйелі. Сатушы тығылып жүр бізден, ал полиция прокурор, сол әйел жағында деп өзім ойлайм. Сол әйелді табу керек! Сотқа беріп едім іздейміз деп жатыр, шешімін шығарды, бірак ешқандай нәтижесі жоқ. Осындай өтініш.

55964

 

Алматай Тұякалы Тоймырзаұлы .
Н.Ә.Назарбаев мырза! Ата Заңымыз қуатты ма?! Анам Алматай Мекемжан 20.04.2004 қайтыс болды. 5 ай өткеннен кейін, 11.09.2004 жылы марқұмның атынан, нотариус Жұмабай Қалидың көмегімен, жалған сенім хат жасай отырып азаматтар: Нұржаев Нұрлан Насенұлы, Мұқанов Серік Есіркепұлы, "Альянс" банк өкілдерінін қатысуымен Алматы қаласы Қалқаман-2 ы/а, Қосынов көшесі 132-дегі анамның атындағы үйді сатып өзара бөліске салған. Нұржаев Н.Н атына № 05751302100970 ҚР ҚК 177 бабы 3 тармағы "б" бөлімі бойынша ашылған қылмыстық іс алғаш Әуезов аудандық, бүгінде Алматы қалалық прокуратураның бақылауында болғанымен, 4-жыл өтседе, бір шешімін таппай келеді. Алматы қалалық қаржы полициясы да хабардар, 02.11.2009 жылы Әуезов аудандық сотқа жазылған азаматтық талап арыздыңда, сот Жүсіпқалиева Г., хабары жоқ. Осы ұйымдасқан қылмыстық істің, дүние жүзіне белгілі, 2010-шы жылға дейін ақ-қарасының дәлелденетініне үлкен сеніммен; Алматай Тұяқалы Тоймырзаұлы; Алматы қаласы Қалқаман-2 ы/а Қосынов132., (8-727) 385-31-87, (8-701) 370-19-10., mura_at@mail.ru, design_888@mail.ru

42518

 

Абдулрауф Бүктел .
Құрметті Президент мырза. Мен Германияның Кельн қаласының тұрғыны Түркия азаматы - этникалық қазақпын. Жасым - 63 те. Мен 1992 жылы онсыз да бұғанасы қатпаған Ел үкіметіне салмақ артпайын деп, кейін зейнеткерлікке шыққанда Ата жұртқа оралам деген ниетпен Талғар ауданы, Белбұлақ ауылынан үй сатып алдым. Алайда 2007 ж. осы үйді Талғар ауданының соты менің сыртымнан жасалған жалған сенімхат негізінде басқа адамдардың аттарына аударып берген: № -2-290\07 іс.13.02.2007. Сот төрағасы Ж.М.Қадырханов. Ал менің қолымда 2006 жылы жаңа талаптар бойынша рәсімделген үйдің толық құжаты, Жерді пайдаланудың мемлекеттік актісі толығымен бар. Мені сотқа шақыртпастан әрі сенімхатты тексерместен сот заңсыз шешім шығарған. Мен бұны 2009 жылы естіп, адвокат арқылы сотқа шағымданғанымда Алматы қаласы №0000013 25.04.1998 жылдан лицензиялы нотариус М.А.Абина кеңсесінде жасалған жалған сенімхат екендігі анықталды. Себебі сенімхат береліген уақытта менің ҚР аумағында болмағанымды Германиядағы жұмыс орнымнан берілген анықтама қағаз бен төлқұжатымдағы кедендік мөр және қойылған қолдың менікі еместігін сот-сараптамасы да дәлелдейді. Міне, осыған қарамастан 2009 жылы істі қараған Т.В.Окунева алдыңғы сот шешімін бұзуға дәлелдер жеткіліксіз дейді. № 2-290 2009.28.07 іс. Құрметті Президент, Сіздің араласуыңызбен соттың әділетсіздігі және қандастарымыздың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылады деп сенім білдіремін. Құрметпен, Абдулрауф Бүктел. Германия

32144

 

Зәира Абылайханова .
Құрметті ел басы ата бабамыздың аманат етіп кеткен осынау Қазақ деген жеріне үлес қосып алыс-жақыннан қандас бауыларыңызды өз ата мекенне қоныс аударуына зор үлес қосқаныңызға алғыстан басқа айтарым жоқ.алланың нұры жаусын сізге!!! "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген ата сөзін ескере отырып Елім деп еңіреп келіп жатқан қандас бауырларыңыз Қазақ елінің азаматтығын алу барысында таяу арада шыққан "Қытай Халық Республикасының құзырлы органдарына өтініш" туралы заңы бойынша быраз ауре сарсаңға түсіргеннін көріп отырып айтпасқа болмады.бұл заң шыққалы бір айдың жүзі болды (әр адам басына нотариус 1000т яғыни мың теңге алады) бір семьяда 5-10 жан сан болса бұндай көп қаржыны қалай өтемек? Қазақстанға көшіп келу құжаттарын жасату барысында оралмандар Қытай Халық Республикасына өтініш жазады, енды бұл өтінішті қайта жолаудың керегі шамалы, өз еріктерімен көшіп келіп ерікті түрде азаматтық алып жатқан қандастарымыздың жолына бөгет, аяқтарына тұсау болып отыр.Ел басы болған сізге құағдар етпесем қазағым қалай көктемек. Сізден сұрайтыным: Өз елім, ата-мекен жерім деп келген Қазақтардың азаматтық алу барысындағы құжаттарды азайтуға болама? қандай жеңілдіктер бересіз??? ҚХР құзырлы органдарына өтініш жазудың қаншалықты маңызы бар? Ерекше сол өтінішті қысқартуыңызды сұраймын. Бұл мемілекетке де келіп жатқан оралмандарғада тиімды болар еді.

20180

 

Алмас Қайратұлы .
Құрметті Елбасы! Соңғы кездерде әділет министрлігі нотариат саласында көптеген өзгерістер енгізуде, ақпарат құралдардарының айтуынша жақында нотариат саласын реттейтін жаңа заң шығады дейді.Еліміздегі нотариат болашағының бастапқы бағыттарын айтып өтсеңіз?

17375

 

Самалхан Касивхан .
Ассалаумағалейкум,Елбасы! Сіздің жүйелі саясатыңыз бен көрегенділігіңіздің нәтижесінде мен өз отбасыммен тарихи отаным Қазақстанға 2009-жылдың 8-айында Монғолия мемлекетінен көшіп келдім. Шеткеріде қалған қазақ азаматтарын ұмытпай, өз Отанына жинап жатқан сізге алғысым шексіз. Қазіргі таңда елге ептеп орналасып, етек-жеңімізді жинап жатырмыз. Бірақ көш оңайлықпен іске асып жатқан жоқ. Осында келгелі тап болған қиыншылықтарымның бірі құжатбастылық. Атап айтсам, әрбір құжатты аудартуға кетететін соманың көптілігі. Бір құжатты аудартып, нотариаландыруға шамамен кем дегенде 1000-1500 теңге көлемінде ақша кетеді. Өз басым 6-адамның құжатын кемінде 4-5 реттен аударттым. Оның сыртында жинайтын т.б. құжаттар қаншама. Сонымен, осында орналасып, тіркеуден өтіп құжаттарымды реттегенше қаражатым жетпей қарызданып отырмын. Сонымен бірге, осында 2004 оқуға жіберген екі балам Қазақстан Республикасының азаматтығын алып қоюы себепті квотаға кіргізілмей отыр. Бұған байланысты қандай амалдар қолдануға болады және жоғарыда аталған елге көшіп келуші көпшілікке қол-байлау болып отырған құжатбастылық мәселесіне байланысты не айта аласыз? e-mail: altinbekpin@gmail.com

15496

 

Бектурганов Амандык .
Құрметті Президент мырза! Қазақстандағы заңды орындарыда жұмыс істейтін заң қызметкерлері - Алматы облысы, Карасай аудандақ сотының судьясы Ботпаев Е.Ш. мырза сияқты және Алматы қаласының нотариусы Алдамуратова Бахыт секілді азаматтар қолдарындағы лицензиясын және өздерінің лауазымдарын пайдаланып әдіетсіз үкім және жалған құжат жасап, жеке азаматтарға қарсы шағымдар шығырады. Соған әділдікті кімнен іздесем болады?

142660

 

SMS .
Нұрсұлтан мырза қандастарымызды шақырып отырсыз алғысымыз шексiз. Менiң өтiнiшiм бар бiздер документтен көп қиындық көремiз, сосын мемлекеттiк нотариус көбейсе екен?

140267

 

SMS .
Нұрсұлтан мырза қандастарымызды шақырып отырсыз алғысымыз шексiз. Менiң өтiнiшiм бар бiздер документтен көп қиындық көремiз, сосын мемлекеттiк нотариус көбейсе екен?

8428

 

Карбузова .
Лицензия алғаныма 1 жыл болды. Бірақ жұмысты бастайалмай жүрміз. Оған баяғы конкурстық негіздеме керек. Не үшін лицензия алған нотариустар жұмысын бастайалмайды? Неге біз конкурсты күтуіміз керек? Неге тез жұмыс істейтін аймақ берілмейді?

8296

 

 Өтеулиева Шарипа .
Құрметті Президент мырза! Біздің жанұядан 12 адам болып Өзбекстан Республикасынан 2002 жылы көшіп келіп, бос қалып кеткен орыс азаматының 1 үйін сатып алып, екіншісін неміс азаматынан сенім хатпен алдық, себебі, бізде өзбек паспорты еді. Қазір Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Мичинко көшесі, 2 үй, 13 пәтерде тұрып жатырмын.
Менің мәселем, Қарағанды обл.Теміртау қаласынан сенім хатпен Жанғожинова Ғалия Оралбекқызынан 2007 жылы 12 желтоксанда Бейбітшілік көш.,112\1, 25 п. 30 000 доллармен сатып алдым. 2004 жылы маусымда Теміртау қаласына, сату\сатып алу шартын жасайын деп нотариусқа бардым. ХҚКОнан анықтама алудың өзі қиынға соқты, нотариус жазып жатқанда, әріптен қате кеткен екен, мен мынаны жаза алмаймын деді, Нығметов деген нотариуспен хабарласып еді, келсін өзім қатесін түзеймін деді. Енді түстен кейін келсем, нотариус бұл үйді рәсімдеуге болмайды, тоқталсын деп, сол күні таңертең бұрынғы иесі жазып кетіпті. Енді үйдің иесі айнып отыр, тілхат алмадым, ақша алмадым, дәлел жоқ деп отыр. Бүгінгі күні жоғарғы соттада, жергілікті соттың шешімін қайта берді. Ғалия УЖКХ- ның бас маманы болып істейді екен.Жангозина өз жұмысындағы былықтарымен қазан, қарашадан бері өз мекемесімен соттасып жатыр екен. Мен бірден сату\сатып алу шартын жасайын деп едім, тез арада ақша керек, ХҚКО-нан анықтама алу үшін 3 күн керек деді, мен сеніп ақшаны бергенде, куәлердің алдында бердім. Енді жоққа шығарып отыр. Президент мырза алдындағы екі үйді де сенім хатпен алғанда мұндай қиындықсыз, үш жылда рәсімдеп етіп едік, осы жолыда солай болар деп, сеніп қалдым, менің түсінгенім, УЖКХ-ның бас маманы Жанғожинова Ғалия Оралбекқызы,нотариус Нығметов Е., және ХҚКО (ЦОН), БТИ мамандары бір бірімен байланысты екен. Қалалық қаржы полициясынан, прокуратурадан шағымыма жауап ала алмадым. Президент мырза! Менің ісімді қайта тексеріп, әділеттілі шешім беруіңізді өтінемін.

7027

 

Жанасбеков Қадыл
Мен зейнеткермін. Дәріханаларды мемлекеттік жүйеге ауыстырып кетсе. Дәрілер өте қымбаттап кетті. 520 тенгелік дәрі 2000 қымбаттып кетті. Нотариустарды мемлекеттік жүйеге аустырып қойса. Олардың жұмысы өте кымбат, біздің мүмкіндігімізге келмейді. Ауылға бір мемлекеттік нотариус қойса екен.
RSS-материал